Турфирманың директорына қатысты рақымшылық заңы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында «Faraon» туристік компаниясының директоры Ж. Абеупке қатысты материал қаралды.
Сотталушы «Faraon» турфирмасының иесі бірнеше тұтынушыларды көп миллионды сомаға алдап кетті. Іс бойынша 90 адам жәбірленуші болып табылды. Тұтынушылардың Туркияға демалуға арналған ақша қаражаттарын сотталушы өз қарауына қарай иелік етіп, басқа мақсаттарға жұмсаған.
Аудандық соттың үкімімен Ж. Абеуп ҚР ҚК 190-бабының 3 бөлімі 1, 3 тармақтарында (Алаяқтық) көзделген қылмыстарды жасады деп кінәлі деп танылды, және оған берілген бап бойынша мүлкі тәркіленіп 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот қаулысымен Қарағанды облысы бойынша АК-159/1 ҚАЖД басшысының м.а. рақымшылқ актісін Ж. Абеупқа қатысты қолдану туралы ұсынысы қанағаттандырылды. Жазаның өтелмеген 3 жыл 3 ай 22 күн мерзімі 1 жыл 7 ай 26 күнге қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі