Тұрғын үй заңнамасын қолдану тәжірибесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотының оқу сыныбында «Иесi тастап кеткен тұрғын үйге меншік құқығы жөнiндегi дауларды соттардың қарау тәжірибесі» тақырыбында судьялар арасында семинар сабақ өтті.  Аудандық соттың судьясы Д.Сарсекеева аталмыш тақырыпта баяндама оқып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдің  Нормативтік қаулысының 1-тармағына және Азаматтық кодекстің 250-бабына сәйкес, меншiк құқығынан бас тарту меншiк иесiнiң тұрғын үйге қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайтынын, тұрғын үйдi ұстау ауыртпалығын, оны өзге тұлғалар пайдалану кезiнде келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктi, заңмен көзделген коммуналдық төлемдер мен салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттердi меншiк иесi көтеретінін, сонымен қатар, бұл құқықтар мен мiндеттер сол тұрғын үйге меншiк құқығын басқа тұлға алған сәтке дейiн сақталатынын атап көрсетті.

«Меншiк иесiнiң сол тұрғын үйге қандай да бiр құқығын сақтау ниетiнсiз меншiк құқығынан бас тартуын дәлелдейтiн әрекеттердi жасауы, сол тұрғын үйге басқа тұлғаның меншiк құқығын алуы туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде ғана меншiк құқығының тоқтатылуына әкеп соғады», - деп баяндамашы сөзін түйіндеді.