Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотының төрағасы С.Сағатов «Ұлытаудың іскер әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Э.С.Ершұманова және «Арша Фаранд» қоғамдық қорының жетекшісі С.Б.Мұхамбетовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, судья және үкіметтік емес ұйымның жетекшілерінің ұсыныстары екі жақты талқыланды. Тараптар кездесу барысында, сот жүйесінде атқарылып жатқан оң өзгерістер жайында өзара пікір алмасты. Сондай-ақ, медиация институтының тиімділігі туралы, оның ішінде дауларды шешудің балама түрлері туралы, кәсіби және кәсіби емес медиаторларға қатысты сұрақтар қойып, бұл мәселелерге байланысты толық ақпарат алысты.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі