Үлкен көлемде алаяқтық жасаған үшін сотталған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теміртау қалалық сотында азамат Рожковқа қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабының 3 бөлігінің 1 тармағымен (алаяқтық, үлкен мөлшерде жасалған алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау) және 419 бабының 3 бөлігімен (қылмыс көрінеу жалған айып) бойынша қылмыстық іс қаралған.

Рожков Буланов пен Ивановтың ортақ бизнестерін бөлісуден туындаған кикілжіңді пайлалануды көздейді. Ол достық қарым-қатынастарын пайдаланып, оның сенімін теріс пайдаланып Булановты жаңылыстырып, яғни Ивановқа 2 000 000 тенге берсең, бизнесті оның атына жазып береді деп сендірді. Буланов Рожковқа сеніп  оған 2 000 000 теңге қаражат береді, сонғысы ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сөйтіп, Рожков  полиция бөліміне Буланов 2 000 000 теңге сыйыақы үшін Ивановты   өлтіруге тапсырыс берді деп хабарлайды, бірақ кейіннен жалған ақпарат екендігі анықталды.

Рожков бұрын сотты болған және қауіпті рецидивті қылмыстар жасаған.  Сот үкімімен ол қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

Үкім занды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі