Ұлытау аудандық сотында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотында «Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі Басқармасы» ММ-нің қызметкерлерімен сотқа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірлесен өзара іс-қимыл жасасу бойынша аға сот жасауылы Х.А.Ержанов семинар сабағын өткізді.

Семинарға «Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі Басқармасы» ММ-нің қызметкерлері полиция старшинасы – Қ.К.Ержанов, аға сержанттар О.Г.Абитов, А.А.Тулешов және сот жұмыскері М.Султанов қатысты.

Семинар сабағы аясында аға сот жасауылы Х.Ержанов қатысушыларға  аудандық сот  ғимараты мен аумақтарында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін өткізу және ішкі объектілік режимдерін жүзеге асыратын ережені түсіндірді.

Сот  ғимаратында өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ішкі icтep Министрлігінің «Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі Басқармасы» ММ-мен аға сот жасауылының өзара бірлесе отырып жұмыс атқаруы негізінде камтамасыз етілетіндігіне тоқталып өтті.

Семинар соңында қатысушылар сот ғимаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізу және объектішілік режим ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін атап өтті.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі