Ұсақ бұзақылық үшін 5 тәулікке әкімшілік қамақ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық  сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзкшылық туралы Кодексінің 434 бабының 2 бөлігімен (ұсақ бұзақылық) азамат Ч.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Азмат Ч. қоғамдық орында кіші дәрет сындырды, осы әрекетімен ортақ пайдалану орындарын ластап, ұсақ бұзақылық жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сәтбаев қалалық сотының  қаулысымен азамат Ч. кінәлі деп танылды және оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот қаулысы  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы