Заңды күшіне енген сот актілері бойынша атқару құжаттарын орындауға жолдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық сотында «Заңды күшіне енген сот актілері бойынша атқару құжаттарын орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинарға Қарқаралы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Камерленова А. М., соттың кеңсе мамандары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар сот актілерін орындауға жолдау тәртібі бойынша мәселелерді талқылады.

Соттың бас маманы Р.Т.Хамитова өз баяндамасында Қазақстан Республикасы ГПК талаптары негізінде шешiм дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшiне енгеннен кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға жіберілетінін, соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып берілетінін, сондай-ақ атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін екенін айтып, атқару парақтың мазмұны мен орындауға жолдау тәртібіне тоқталды.

Семинарға қатысуышылар өз пікірлерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарына жауап алды.

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі