Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеудің күшін жоюмен байланысты проблемалық мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеудің күшін жоюмен байланысты проблемалық мәселелері» атты тақырыпта семинар өткізілді.
Іс-шараға Қарағанды облыстық сотының судьясы Л.Г. Хон, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңгерлік басқармасының басшысы Г.С. Боранбаева, облыс прокуратурасы 1-ші Басқармасының аға прокуроры А.Х. Касенкан, Қарағанды облысы Әділет департаментінің бөлім бастығы А.М. Абикеева, Қарағанды облысы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Кәсіпкерлер палатасы директордың орынбасары Г.Н. Жмук, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен әкімшілік тосқауылдарды азайту бойынша бөлімінің бастығы А.К. Даненбаев, МКД ЭТТ аға тергеушісі А.Ш. Шакенов, кәсіпкер Г.Н. Каверин қатысты.
Семинарды сот төрағасы Т.И. Тоқболатов ашып, өткізіліп жатқан кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында салық органдары мен прокурорлардың, заңды тұлғалардың тіркеу мен қайта тіркеудің күшін жоюмен байланысты талап арыздарды беруге өкілеттіктерді бөлу мәселелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі талқыға салынды.
Семинарға қатысушылар осы тақырыптың проблемалық мәселелері туралы пікір алысып,осы іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.
Қайнар: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз-қызметі