Жалғызбасты кейуананы қаттар үйіне тапсырып, пәтерін иемденбекші болған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қазыбек аудандық сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің 177 бабының 3-бөлімі «б» тармағымен, 177 бабының 3-бөлімі «б» тармағымен айыпталған азамат Н.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.  Азамат Н. нотариалды түрде расталған жалған сенімхат арқылы Лободы көшесі 7 үй 24-пәтердің иесі азамат Е. екені көрсетілген құжаттың мұрағаттық көшірмесін алған. Одан соң, тағы да жалған сенімхат арқылы алаяқтық жолмен атамыш азаматтың мүлкін иесіздендірген. Сөйтіп, азамат Е. 15 000 000 теңге көлемінде шығын келтірген.  Бұдан басқа, азамат Н. Республика даңғылы, 24-үй 38-пәтер  мекен жайы бойынша Ф. есімді мүгедек (сал) әже тұратынын біліп алып, оны қарттар үйіне апарып тастайды. Оның атынан жалған сенімхат алып алған азамат Н. аталмыш пәтерді айырбастап жіберген. Сөйтіп, айырбастаған пәтерді де иесіздендірген Н. азамат Г.-ға  2 000 000 теңге көлемінде шығын келтірген.
2014 жылдың 03-сәуірінде сот азамат Н.-ді ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөлімі «б» тармағымен кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан мүлкін тәркілей отырып айыруға үкім етті. Азамат Н.  жазасын жалпы тәртіптегі түзету коллониясында өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.