Жаңаарқа аудандық соты Баспасөз қызметінің ақтау үкіміне қатысты ресми түсіндірмесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаарқа аудандық сотының18.07.2017 жылғы сот үкімімен Интыкбаев Н.Ш., Шалғынбаев Р.А., Шалгынбаев Е.К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 126 бабының 3 бөлігінің 2 тармағында көзделген қылмысты жасауда кінәсіз деп таналып, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Сотпен істі қарау кезінде сотталушыларда жәбірленугі Ж.М. Саликовты қасақана бас бостандығынан заңсыз айыруға бағытталған мақсаттарының болғанын айқындайтын дәлелдемелер анықталмады.

Сот тергеуінде анықталғандай, жәбірленуші Саликов Ж.М. Н.Ш. Интыкбаевқа тиесілі шаруа қожалығында ерікті түрде қойшы болып жұмыс істей тұра, бірнеше рет қой санын кем еткен. Кезекті мал басын санау кезінде тағы да қой басының жеткізіліксіздігі анықталып, соңы жәбірленуші мен ағайынды Интыкбаевтардың біреуімен дау туындаудың себебіне айналды. Келтірілген шығынды өтеуді талап еткен соң, Саликов Ж.М. қыстақты тастап қашып кетеді. Содан соң сотталушылар Ж.М. Саликов келтірілген  шығынды өтеуден жалтару мақсатында жасырынды деп ойлап, өздерінің болжамды құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Ж.М.Саликовты қыстаққа қайтарып алып келеді.

Сот отырысында жәбірленуші шаруа қожалығында өз еркімен болғанын, мәжбүрлеусіз жұмыс істегенін, еңбек ақысын алып отырғанын, тамағы тегін, әрі жақсы тамақтанғанын, кейбір кездерде қожайындарымен бірге тамақтанғандарын, жұмыскерлер бөлек үйде тұрғандарын, оларды ешкім қорламағандарын, киіммен қамтамасыз етілгендерін, қыстақтағы қожайындардың ортақ моншасында тұрақты жуынып тұрғандарын, оның өмір сүру жағдайында кінәрат болмағанын растады.

Сонымен сот сотталушылардың әрекетінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 389 бабында көзделгендей «Өзінше билік ету» белгілерін қарастырады.

Сотқа дейінгі тергеп- тексеру барысында қылмыстық қудалау органдарымен күдіктілерге қатысты олардың әрекетінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 389 бабында қарастырылған «Өзінше билік ету» құрамының болмауына байланысты, қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарылғандықтан, сот сотталушылардың әрекеттерін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 389 бабына қайта дәрежелеуге мүмкіндігінің болмауына байланысты ақтау үкімін шығарды.

 

Қайнар: 
Жаңаарқа аудандық сотының Баспасөз қызметі