Жаңаарқа аудандық сотында "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының Жаңаарқа аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Б. Серғалиев жүргізді.
Аталған іс-шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарлату мақсатында өткізілді.
Сот төрағасының қабылдауына жұмысқа тұру және әрі қарай мемлекеттік қызметке өтуге арналған тест туралы, еңбек кітапшасында кеткен қателікті түзету туралы және жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы белгісіз болса неке бұзуға қалай талап арыз беруге болатындығы туралы сұрақтарымен аудан тұрғындары келді.
Азаматтардың әрбір қойылған сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасала отырып, толыққанды жауаптар берілді.

 

Қайнар: 
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі