Жаңаарқа аудандық сотында қылмыстық істер бойынша туындайтын мәселелер туралы дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаарқа ауданық сотында «Тергеу судьяларымен материалдарды қайта рәсімдеуге қайтару фактілерін болдырмау, қамауда ұстауды санкциялау туралы өтінішхаттарды қарау барысында күдіктіге психикалық және физикалық күш қолдану жөнінде хабарламалар бойынша шаралар қабылдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Жаңаарқа ауданының прокурорлары, Жезқазған көлік прокуроры, ІІБ Тергеу бөлімінің тергеушілері қатысты.

Жаңаарқа аудандық сотының төраға м.а. Сергалиев Б.С. дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде баяндама жасап, баяндамадан кейін қатысушылар осы тақырып аясында іс жүзінде туындайтын мәселелерді талқылап, олардың нәтижесін алдағы уақытта жұмыс барысында дұрыс әрі тиімді қолдану үшін ұсыныстарын ортаға салды.

Қайнар: 
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі