Жанұялық жанжал үшін 10 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық соты құқық бұзушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 2 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

А. өзінің қарындасымен жанжал шығарып, оған сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.

Азамат А. отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді бір жыл ішінде екі рет қайталап отыр.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулік мерзімге қамау түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз орталығы