Жеке кәсіпкерге айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында ,аз .Р.-ға қатысты ҚРӘҚБК-нің 479-бабы бойынша (ұйым басшыларына  және басқа тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстардың жасалуына мүмкіндік жасайтын талаптар мен себептерді жою шаралары туралы хабарламау) әкімшілік іс қозғалды.

Жеке кәсіпкер азамат Р.,Ғ.Мұстафин кентінің ПБ тергеушісінің ұсынымхаты бойынша қылмыстың жасалуын болдыратын себептер мен жағдайларды болдырмау шаралары туралы хабарламаған, сол арқылы ҚРӘҚБК-нің 479-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген.

Сот қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Ол 10 АЕК  көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, ҚРӘҚБК-нің 819-бабы 2-б.талаптарына сәйкес айыппұл көлемі отыз пайызға қысқартылды.

Қайнар: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз орталығы