ЖКО жасағаны үшін айыппұлға салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚбҚ-нің 610 бабы 1 бөлімімен азамат Г.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Г. «Вираж» ТҚКС-ның маңында «Уаз 396255» автокөлігін басқарып келе жатқан азамат Г. кері қарай көлік жүргізу кезінде тұрақта тұрған «Ваз2109» маркалы автокөлігінің алдыңғы бөлігін соққан. ЖКО нәтижесінде екі автокөлік те механикалық зақым алды.
Құқық бұзушының әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы хаттамасымен, ЖКО-ның сызбасымен және АБД анықтамасымен дәлелденеді.
Сәтбаев қалалық сотының қаулысымен азамат Г.әкімшілік құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танылды және оған 21 210 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз-қызметі