Жол қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігі бойынша азамат В.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, құқық бұзушы В. Nissan Pathfinder маркалы автокөлігімен қарама-қарсы бағыттан жүргізуші К.-нің басқаруымен тіке жолмен жүріп келе Volkswagen СС маркалы автокөлігіне жол бермей соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде, аталған автокөлікке материалдық залал келтiрген.
Сот отырысында құқық бұзушы азамат В. өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.                                                  
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы азамат В. жоғарыдағы бап негізінде кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 210 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі