Жол көлік оқиғасын жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат Г.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2017 жылдың наурыз айында құқық бұзушы Г. өзінің басқаруындағы автокөлігінің рөлін басқара алмай, металдан жасалған қоршауды қағып кеткен.

Жол көлік оқиғасы салдарынан автокөлікке механикалық зақым келтірілген. Сонымен қатар мемлекеттік мүлікке материалдық зақым келтірілген.

Аталған факт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.

Сот мәжілісінде азамат Г. кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінетінін, соттан көлік жүргізу құқығынан айырмауын сұрады.

Әкімшілік жаза қолдану кезінде сот әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау барысында, жауаптылықты жеңілдететін – кінәсін мойындағаны, өкінетіндігін, сондай-ақ бұзушылық абайсызда, байқамаушылықпен жасалғанын тапты.

Құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 22 690 теңге сомасына айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі