Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2  аудандық соты  ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша Молодежный кентінің тұрғыны кінәлі деп танылды.                              

Сотпен құқықбұзушы Т. Қызылорда – Павлодар тас жолында   «Volkswagen Golf»   маркалы автокөлігін басқарып келе жатып «Субару Легоси» маркалы автокөлігімен   соқтығысқаны анықталды, нәтижесінде   автокөліктерге механикалық зақымдар келтірілген.

Сот  мәжілісінде құқықбұзушы өз кінәсін мойындады.      

Сот іс материалдарын зерттеп,  құқықбұзушыға 22 690  теңге көлемінде  айыппұл салу туралы қаулы шығарды.                                           

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі