Жол-көліктік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының № 2 аудандық соты  ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша Молодежный кентінің тұрғыны кінәлі деп танылған.

Сотпен аз.Ш. Қызылорда – Павлодар автожолындағы 1108 километрде жол қозғалысының кауіпсіздікті қамтамасыз етілмеген жылдамдықпен жүру барысында «Ауди» маркалы автокөлікті басқарып, «Toyota Camry» маркалы автокөлігімен соқтығыс жасағанын анықталды. Соқтығысу нәтижесінде «Toyota Camry» автокөлігі механикалық бүлініске ұшыраған. Сот мәжілісінде құқықбұзушы өз кінәсінді мойындады.

Сот іс материалдарын зерттеп, 22 690 теңге көлеміндегі айыппұл өндіру туралы қаулы шығарды.

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі