Жол қозғалысын бұзғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Т. азаматы «Toyota Camry» маркалы автокөлікпен сол жаққа қарай бұрылыс жасау кезінде бағдаршамның рұқсат белгісінде, жүргіншіге жол бермей, кәмелетке толмаған Ш. қағып кетіп, оның деңсаулығына жеңіл жарақат келтірілген.

Сот қаулысымен азамат Т-ға 35 035 теңгеге айыппұл мен 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі