Жәрдемдесу жұмыстары жалғасуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Көкпекті ауылы тұрғындарының тағдырына алаңдаулы азаматтар қол ұшын созып, зардаптың салдарынан құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Көршілес ауылда болған оқиғадан бастап мемлекеттік мекемелердің барлығы, оның ішінде Қарағанды облыстық сотының ұжымы да сырт қалған жоқ.
«Қарағанды облысты соты Кеңсесі» ММ-нің басшысы Д. Құсбековтың бастамасымен, сонымен қатар, соттардың инфрақұрылысын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің  мамандармен Бұқар Жырау ауданы Көкпекті ауылының су астында қалған үй-жайлардың аулаларындағы суды сорғымен айдап шығару және қоқыстан  тазарту жұмыстары жүргізілді.
 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы