Сот тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарих бетіне үңілсек, 1923 жылы бұрынғы болыстар қосылып аудан аталғанда сайлау өткізуге келген Балаубаев Сәлкен ауданының атын «Асанқайғы» деп қойған. Асанқайғы ауданыныңс құрамына патша заманында аиалған –Қойтас, Сораң, Еркесай, Ніо\лді, Ақтау, Ортау, Алабас, Көнек, Қараағаш дейтін Алтай-Қарпық руының болыстары енген.
1923 жылы бытыраңқы болыстар іріленіп аудан құрылғанды, кеңестік жаңа ауданның аты «Асанқайғы» деп қойылған. 1929 жылы Асанқайғы ауданы Жаңаарқа атанды. Жаңаарқа өңірінде есімі елге танылған азаматтар: ел билеген хан да, жау жасқаған батыр да, дауға түскен шешен де, жұрт бастаған көсем де тамсандырған әнші де, таңдандырған күйші де, балтыры сыздаған балуан да айтса ауыз толтырарлықтай. Демек, Жаңаарқа ауданының артта қалған тарихы қатпарлы алдан күтер игіліктері жоталы.
Жаңаарқа өңірінде өмір сүрген от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жарған, әділеттілікті ту еткен билер де жетерлік.
Ақтайлақ би. Руы – Сайдалының Арыстанынан туған Барқы бұтағынан. Ақтайлақ би 1683 жалдар мұғдарында туып, 1750 жылдар мұғдарында қайтыс болған. Мзары Қарқаралыда. Аңыздарды тарихи деректермен шежіре кестесімен салыстырсақ, Қуандық Қаракесектен тарайтын ұрпақтардың арасы жеті атаға жаңа іліккен Қаздауысты Қазыбек, Ақтайлақ билер ауылы аралас, қойы қоралас ағайындар екен. Қаздауысты Қазыбек Әз Тәуке мен Абылай хандар ел тізгінін ұстаған жыдарда олардың кеңесшісі болса, қасына ерген билер қатарында Ақтайлақ та болған екен. Ақтайлақ бидің мазары Қарқаралыда болса, Жаңаарқа ауданының орталығынан ишығысқа қарай қарай 7 шақырым жерде Ақтайлақ деген жер бар. Бұл Ақтайлақ биден тарайтын ұрпақтар қоныстанған жер болғандықтан Ақтайлақ атанған.
Асқар би. Руы Алсай- Байғұтты. Ақбота Жаншырақұлы Асқар 1854 жылы туып, 1917 жылы қайтыс болған. Айтулы азамат, әділ би болған.
Әлке қазы-би. Руы Барғана батырдың баласы Шушақ бұтағынан. Тоқа. Туған, өлген жылы белгісіз. Шушақ Тоқасының бастапқы қонысы Нұра бойы болған. Содан қазір Бәйеділ-Тоқабай, Бозкөл, Кенжебай-Самай аталатын жерлер Шушақ Тоқасының атақты адамдарының атымен аталып кеткен. Бірде ауылы аралас, қойы қоралас отырған Кіші жүз Қырықбойдақ Қазы дегеннің бір үйір қысырағы жоғалады. Оны ұрлаған Бағаналы наймандары екенін анықтаған соң, Қазы Әлке қазыға келіп малымды алып беруге көмектес деп өтінеді. Бағаналыға баруға келіскен Әлке атқосшылыққа өз аулында жалда жүрген Дүкеннің Ықыласын ертеді. Таманың бұл жақтағы Шақа деген Ықылыас қобызшының аталары дәулет бітпеген кедей болған. Әлке «Шақаның шалабынан Шалғияның суы артық» деп ауылға түспей өте шығады екен.
Байдалы би. Бекшеден Байдалы би Атасу өзенінің бас жағында Айдаһарлы аталатын таудың бөктеріндегі Жалпаққора деген қыстақта туған. Байдалы би Абылай және Уәли хандардың тұсында өмір сүрген. Орта жүзге билік айтып, хандар саясатына бағдар беріп отырған билер кеңесінің ішінде Байдалыны Абылай хан «сегіз биім, сегіз бидің ішіндегі семіз биім» деп ерекше құрметтеген. Кезінде Байдалы «Абылай аспас сары бел» атанған.
Бірде Төле бимен Байдалы Шу өзенінің солтүстік жағында кездеседі. Ұлы жүз бен Орта жүздің арасындағы барымтада Ұлы Жүз жағының бір жылқышы жігіті жай түсіп өледі. Сендер өлтірдіңдер деп Ұлы жүздің биі көп адаммен келіп, Қуандық руына дау даулайды. Айтыста әрі беделді, әрі шешен Төле би Арғындардың аузын аштырмай екі жүз жылқы құн төлейсіңдер деп отырып алады. Бұны естіген Байдалы, іздеп барып кездестіре алмаған Төле биді көрейін деп билер түскен ауылға тартады. Байдалы би үйге еніп амандық сұрасып, сыртта тұрып кесіміңізді тыңдадым, әділіне келсек,-деп Байдалы бөгеліп қалады. –Бұдан артық қандай әділдік керек,-деп Төле би жақтырмай қабағын түйеді. –Ата, сөзіме құлақ салыңыз. Біз аймен аталас емеспіз, күнмен баталас емеспіз. Бұлтпен туысқанымыз жоқ. Сол күні Жауған жаңбырмен жуысқанымыз жоқ. Құдайға шақпағыңды шақ дегеніміз жоқ, білтеңді жақ дегеніміз жоқ, жылқышыңды көздеп ат дегеніміз жоқ. Еліңде жай түсіп, талай қасқа мен жайсаң өлген шығар. Солар үшін құдайдан құн даулап алдың ба, ата? Біз құдай үшін құн төлемейміз. «Тура биде туған жоқ, бұрған биде иман жоқ» демеуші ме еді? Жасыңыздың жеткен шағында имансыз кетуге бел буғансыз ба?-дейді. Баланың сөзін тыңдап отырған Төле би:- Аталы сөзге арсыз таласады деген. Жөн айтасың, атың кім, балам?-деп, Сиқым –Жаныстан дау даулап келетін былтырғы жылтыр қара сен емессің бе? –Иә ата мен едім. Төле биге кездесіп, қисыны келсе қырық жылғы дауды даулайын, оң қабағы түссе батасын алайын деп барған едім. Сонда Төле би: Бала күнімде мен де осындай бір даудың қисынын айтып ел арасын бітістіргенімде Арғын жағының төбе биі үй баласыма деп едім, ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, талабың алдан өтелсін. Ауылыңның таңы бол, маңдайының бағы бол деп батасын берген.. Содан бастап Төле би атандым. Бабаңның маған берген осы батасын мен саған арнадым. Енді сен Байдалы би атанасың, әумин-деп бетін сипайды. Дау бітіп ел тарайды.
Бопақ би. Арқадағы кіші жүздің биі болған.
Байтоқа би. Руы Алтай, Аралбай батырдың кіші әйелі Таңсұлудан туған. Бұл кісі де тура шешетін Абылай ханның тура билерінің бірі болған. Ағайын арасындағы қақтығыстарды болдырмай, қара қылды қақ жарып әділдігін айтатын болған. Байтоқа отырған жерде Байдалы билікке араласпаған. Ағын судай ақын Байдалы би көп сөйлеп бара жатса Байтоқа «қарыс» -«қарыс» дегенде үндемей қалады екен.
Бекқожа би. Руы Тоқа. Тиес батырдың баласы Бекқожа би шамамен 1820 жылдар шамасында туған. Бұл кісі 1862 жылы патшаның Станислав лентасындағы алтын медальмен марапатталған. Тиес батыр Кенесарының айтқанына көнбей, өзі Кенесарыдан қалағанын алып, оның өтеуін төлемей әбден қитығына тиген соң хан Кене Наурызбай мен Ағыбай бастаған батырларына Тиестің Бекқожасының басын кесіп әкел деп бұйрық берген. Наурызбай Қасым деген жендетіне Бекқожаның басын ал деп бұйрық бергенде Сармантай Алшағыр батыр Наурызбайға «біз төреге малға құнды болсақ та, жанға құнды емеспіз» деп Бекқожаны босатып алады.
Бектібай би. Таманың Әлібінен тарайтын Дәулеткелді руынан шыққан төбе биі. Адамның ала жібін аттамайтын, қиянатқа қарсы тұратын қайраты мол адам болған.
Досан би. Аралбай Қосыбай бимен тұстас. Сүгірәлі руына билік айтқан атақты әділ би болған.
Елбай Би. Ол Аралбай батырдың үлкен әйелі Айсадан туған сырт Аралбай атанатын Нұрабай, Ақжігіт, Мәме, Жидебай, Сары, Бақа батыр, Сарғалдық, Боздақ, Төбет ауылдарының биі болған.
Елубай би. Руы Алтай Аралбай. Патша заманында елубасы би болған. 1920 жылдар болыстыққа таласқан.
Елубай би. Арқа жерінің қоныстанған кіші жүздің Х!Х ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Жағалбайлы руының биі.
Ерубай би. Руы Тама. Елубасы билерінің бірі болған.
Есқара би. Руы Алтай. Есқара би ХVIII ғасырдың орта кезінде туып, XIX ғасырдың алпысыншы жылдары қайтыс болғанға ұқсайды.
Ержан би. Руы Тоқа. Марқа деген атадан тарайды.
Жайма би. Жайма алғашқы кезде болыс, жасы ұлғая келе би болған. Ат көтере алмайтын ауыр денелі адам болыпты. Жиын той, асқа пәуеске арбамен алып барып, төрт жігіт демеп жүргізеді екен. Кіші жүз тамалар берген бір аста дау шығарған Жаймаға Таманың Әліп деп аталатын бұтағының Жабал деген атасынан шыққан шешен биі дау шығарып, астың шырқын бұзған Жаймаға «Жайма, сенің бұл дүниедегі дауыңа 7 болыс Таманың еті үйренген, бұл әдетіңді бұл жалғанда қоймайсың.  Менің қорқатыным, о дүниеде сырат көпірінің басына көп халық жиналады дейді. Сонда мынау Таманың асы екен деп дау шығарасың ба деп қорқам»,-деген екен.
Жандауыл би. Руы Тоқа. Тарақты Наймантай батыр қартайған кезінде өзі баулыған Алтай Аралбай батыр, Тоқа Барғана батырағ 13 жасар Байғозы деген баласын қосып беріп, жауға аттандырған екен деген аңыз бар. 
Жангелді би. Руы Дәулетбике Тоқасы, Сатыпалды бұтағынан. Жангелді би 87 жасында қайтыс болған. Жангелді биге байланысты ел аузында аңыз әңгіме көп. Мал ұрлығы, барымта сияқты ауыл арасындағы қақтығыстарда билік айтып көзге түскен.
Жарқынбек би. Руы Алтай, Кенжеқара. Шамамен 1750 жылдары туып, 1930 жалдары қайтыс болған.
Жарылғап би. Руы Алтай, Сайдалы Барқыдан тарайтын Құлғара Атабайдың Жарылғабы 1812 жылдардың мұғдарында туып, 1875 жылы қайтыс болған. Сайдалының Сүгірәлініден тарайтын аталары төре, қожа ұстаған.
Ырқына  көнбеген Кенесары Тәмен төренің жылқысын шауып алады. Қызыдтауды қыстайтын Кенесарының немере қарындасын алған сұлтан Тоғымұлы Батырбай туысы Тәменнің жылқысын қайтар деп Кенесарыға өтініш айтады. Жарылғап би Кенесарыға келіп Тәменнің жазықсыз екенін дәлелдеп, сөздан ұтып, жылқыларын алып береді.
Жәнбек би. Руы Тама. Жәнбек тілі майда, ұтып сөйлейтін сөзге шешен адам болған. Болыс та болған. Ол кісінің ел жадында сақталатын қасиеті, әділдігі, қара қылды қақ жарған билігі.
Иман би. Руы. Енең тоқасы, Ескенеден тарайды. Елубасы билерінің бірі болған.
Қабан би. Арқаны мекендеген кіші жүз ішіндегі атағы алысқа кеткен билерінің бірі Қабан би. Қара тілді Қабан би атанған бұл кісіге бүкіл Таманың, Алшын, Жабағайлының игі жақсылары тоқтап, алдынан кек көлденең өтпеген. «Құдай бала берсе дана берсін, Дана бермесе шетінен ала берсін» дейтін осы Қабан би.
Қамен би. РуыАлтай Қареке. Елубас билерінің бірі болса керек.
Қаражігіт би. 1725 жылы туып, 1802 жылы дүние салған. Қаражігіт бірде Байдалы биге кездесіп үйінде қонақ болып, Байдалының ақындығына, шешендігіне риза болып,  кетерінде: Бір-ақ мінің бар екен, қатынбасшы екенсің деген екен.»- деген аңыз бар.
Қарпықбай би. Руы Алтай Қалыбек Құттыбай/ Талас/ деп аталатын атасынан 1833 жылдар мұғдарында туып, 1900 жылдар шамасында қайтыс болған. Аралбай Елбай, Тұрсынбектермен қатар шыққан. Қосымбайұлы Кеттебек болыстың қарайындағы Аралбай руының биі Достың Елбай болса, Қалыбек руының биі Жәнебектің Қарпықбайы болған.
Қарпықбай би. Руы Нұрбай Дүйсе деп аталатын бұтағы. Сағындықтың Қарпықбайы шамамен 1843 жылдың мұғдарында туып, 1895 жылдар шамасында қайтыс болған азулы билерініғ бірі.
Қаспақ би. Шын аты Жолмұрат. 19 ғасырдың 70-90 жылдары  Қараағаш болысының жанындағы билер Кеңесінің мүшесі болған. Капитан Соловцовтың әскері құрамында көрсеткен ерлігі үшін 1857 жылы 4-ші дәрежелі әулие Гергий атындағы құрамет белгісімен және Дала генерал- губернаторының 18.06.1891 жылы 43-ші бұйрығымен арнаулы оқалы шекпенімен марапатталған.
Қосыбай би. Руы Алтай. Москва қаласындағы Россияның сырқы істер министрлігінің сыртқы саясат архивіндегі бір құжатта « О грабежах производимых шайкою киргиз под предводительством сына Султана Кенесары Касымова, Джафара, о поимки Джафара и о выселки его в г. Березов» деген іс қағазында Бабық ұлы Өтебай мен Қосыбай бидің аттары аталған.
Құлтас би. Руы Кіші жүз Таманың Қызылқұрт аталатын тармағынан. Құлтас айтты деген әңгімелердің сұлбасына қарағанда, 1845 жылдар мұғдарында бір болысқа шаңырақ саны әрең жеткен Тамалар 1860 жылдар төрт- бес болыс болған. Болыстыққа, билікке талас ағайын арасында айтыс- тартыс туғызған. Құлтас Әліптен тарайтын Қызылқұрттың аса ірі шонжары, елге ұйтқы көсемі биі болған.
Құтжан би. Руы Алтай Аралбай. 1830 жылы туып, 1899 жылы қайтыс болған. Құтжан әкесі Өтебаймен бірге туысатын Қосыбайдан кейін бұрын Алтай болысы атанып, кейін Ортау болысы атанған болысқа болыс болып, одан кейін би болған.
Мақан би. 1880 жылдар шамасында туып, 1932 жылдар шамасында ашаршылықтан өлген. От ауызды, орақ тілді адам болған. Мақанды ел Мақасы деп атайды екен. Есіп сөйлеп отыратын, сөзін бұзған адамды жақтфрмайтын кісі болыпты.
Мыржық би. Руы Қаракесек Бошан Бәйбөрі. Мыржық шамамен 1794 жылдары туып, 1869 жылдар мұғдарында қайтыс болған.
Нұрша би. Руы Таам Жөгі. Нұрша 19 ғасырдың 30-шы жылдары туып, аяқ кезінде дүние салған.
Сағындық би. Руы Тама. 19 ғасырдың бас кезінде туып, аяқ кезінде қайтыс болған. Қандай себеппен екені күңгірт Сағындық би Қарқаралы шығып кеткен.Онда Құсбек төренің беделді кеңесшісі болған.
Сапақ би. Руы Дәулетбике Тоқасы. Сапақ бидің ел басқарған би болғандығы, Байдалы биден бата алып, қара қылды қақ жарған әділ болғандығы көрінеді.
Сейіл би. Руы Кіші жүз. Елу бас билерінің бірі болған.
Сүлеймен би. Руы Сайдалы. Сүлеймен би тілді, шешен өткір болған. «Бесшұнақтың біреуі Сүлейменді, елде сайлау болсын деп тілейді енді» деген өлең жолдарының астарында Сүлейменнің партия таласында жеңетініне сенімі мол болғаны аңғарылады.
Тайжан би. Руы Тоқа Молқының Ескеұлы деген бұтағынан. Құлданың Тайжаны 1870 жылдар мұғдарында туып, 19 ғасырдың 30-шы жылдарында қайтыс болған. Молқы аталатын рудың бетке шығар биі болған.
Талжан би. Руы Дәулеткелді Тоқасы, Тілен. Талжан қажыға барған, Шоң басқаратын болыстың биі болған.
Таңшолақ би. Әрі би, әрі шешен , шежіреші Шошабай ұлы Таңшолақ жастайынан ауыл арасындағы ру аралық тартыстарда кесімді шешім айтып, тапқарлығымен, шешендігімен аты шыға бастайды. Таңшолақ заманындағы би, шешендердің дуанбасы болған. Таңшолақтың әділдігін ұнатпайтын болыс оның кедейлігін бетіне басып кемітпек болып «осы сізде қанша жылқы бар» десе керек. Сонда Таңшолақ ойланып тұрып «санап едім сенің астыңдағы атпен тоғыз» болды депті. Сөзден жеңілген болыс айыбына астындағы атын беріп кетіпті.
Торжан би. 1846 жылы туып, 1876 жылдары қайтыс болған. Тама Дәулеткелдіден шыққан атақты Ерубай би Тожан биге батасын берген.
Торпақ би. Ры Алтай Кенжеқара. Туған, өлген жылы белгісіз. Кенжеқара Телғозының Шоңы басқаратын болыстың құрамында болған кезде шыққан би.
Ыбырай би. Руы Алсай Байғұтты. Асқарұлы Ыбырай 1881 жылы туып, 1982 жылы қайтыс болған. Алғаш кеңес үкіметі кезінде болыстармен қоса билерді сайлау, елу басы атанған билер шыға бастағанда Асқар бидің баласы Ыбырай да би болып сайланған.
Ендігі тілге тиек еткелі отырған, алдыңғы буын би аталарының жолын қуған судьялар қызмет атқарған,  әділдікке шақырған - Жаңаарқа аудандық соты туралы болмақ.   
Жаңаарқа аудандық сотының құрылуы мұрағатта сақталған деректерге қарағанда 1939 жылы болып келеді.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1938 жылғы 16 тамызда  қабылданған «КСРО-ның одақтас және автономиялы республикалардың сот құрылымы» туралы Заңына сәйкес халық соты  сот төрағасы мен екі сот заседателінен тұрды. Бұл Жаңаарқа аудандық халық сотына  да катысты еді. Кейбір дерек  көздеріне қарағанда, 1942 жылы Жаңаарқа халық сотының бірінші  ауылдық учаскесі ұйымдастырылды. Ал, 1954 жылы Атасу кентінде екінші ауылдық  учаске, 1957 жылы Қаражал жұмысшы кентінде үшінші ауылдық учаске құрылды. 1960 жылдың басынан халық сотының осынау үш ауылдық учаскесінің бәрі қысқартылды.
Негізгі мақсаты мен міндеттері Қазақстан азаматтарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасының ата заңы – Конституциясының, заңдарының, басқа да нормативтік- құқықтық актілерін мен Халықаралық шарттардың орындалуына қамтамсыз ету болып табылатын сот, өзінің осынау 70 жылдық тарихында әртүрлі облыстық органдардың құрамында болып, атауы да өзгеріп отырды. Алғашқыда соттарға Әділет халық комиссариатына қарасты Қарағанды облыстық басқармасы жетекшілік жасаған екен. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1956 жылғы 4 тамызындағы Жарлығымен Қарағанды облыстық әділет басқармасы қысқарып, оның қызметтік міндеттерін атқару Қарағанды облыстық сотына беріліпті. Арада он төрт жыл өткен соң, 1970 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиуымының Жарлығымен Қарағанды облыстық әділет бөлімі ұйымдастырылады да, халық соттары соған қарайды.
1973 жылғы 20 наурызда Жаңаарқа ауданы жаңадан құрылған Жезқазған облысының құрамына беріліп, халық соты да Жезқазған облыстық әділет бөлімінің құзырына көшеді.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 7 шілдедегі № 348 қаулысына сәйкес қысқарған әділет бөлімімен АХАЖ бөлімінің негізінде Жезқазған облыстық Әділет басқармасы ұйымдасыпты. Еліміз тәуелсіздік алған соң, Елбасының 1995 жылғы Жарлығы бойынша Жаңаарқа аудандық халық соты енді Жаңаарқа аудандық соты атанды да, 1997 жылы Жезқазған облысы таратылғаннан кейін қайтадан Қарағанды облыстық әділет басқармасының қарамағына беріліп, атауы да, атқаратын міндет- мүддесі де тұрақтады.
Өзіне берілген билікті толық пайдаланатын аудандық сот Қазақстан Республикасы атынан азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және заңмен бекітілген басқа  да істерге үкім  шығарады.
Қоғамымызда кұқықтық реформалардың атқарылуы тек Қазақстанның Тәуелсіздікке қол жеткізуі нәтижесінде ғана мүмкін болғанын ешкім теріске шығара алмайды.Алаш ұранды елдің азаттығын айдай әлем мойындағаннан бері сот жүйесін қайта кұру мен заңдарды жетілдіру тарапында қыруар іс атқарылғаны сырт көзге аңғарыла бермеуі де мүмкін. Бірақ шындығы осы. Қоғамның тұрақтылығы мен заңдылықты нығайту үшін сот билігі күшейтіліп, мәртебесі жоғарылатылады. Ата заңымызда «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға ғана бағынады» делінген және Республика атынан сөйлейтін қызметкер білікті, адал,батыл, принципшіл болуы керек.
Бүгінде құрылғанына 72 жыл толып отырған Жаңа-арқа аудандық сотының тарихына есімдерін өшпестей етіп жазған азаматтар жетерлік.
Олардың әрқайсысы туралы  «Тотының тоқсан тарауына» бергісіз әңгіме шертуге болады.Алғашқы есім – Балдай Түсіпбеков. Кеңес төңкерісімен құрдас Бәкең 1936 жылы орталау мектепті аяқтап, комсомолдың жолдамасымен бірден облыстық       прокуратураға хатшы болып жұмысқа орналасады. Оның заң саласындағы қызметінің үзіліске ұшыраған шағы Ұлы Отан соғысы жылдары.Бұған дейін Қарағанды облыстық сотының хатшысы, Қарсақпай нотариалдық кеңсесінің нотариусы, Қарсақпай аудандық халық сотының судьясы болып қызмет атқарып үлгерген Бәкең, майдан даласында да ерлігімен, ептілігімен көзге түседі. Өңіріне Қызыл Жұлдыз ордені мен оншақты медаль қадап қайтқан майдангер 1946 жылы әскери қызметтен босасымен Қарағанды қаласындағы Ленин аудандық сотының №2 учаскесіне судья болып жұмысқа кіріскен.
Бұдан кейін Қарқаралы аудандық сотының халық судьясы, Қарағанды темір жолы линиялық-көліктік сотының мүшесі, Әділет министрлігі облыстық басқармасының аға тергеушісі, Қарағандыдағы Теміржол аудандық халық судьясы сатыларын өтіп, 1957 жылы Жаңа-арқа аудандық сотының халық судьясы болып сайланды. Мұнан кейін аға судья, халық сотының төрағасы лауазымдарына жоғарылады.
Сөйтіп осы жерден табан аудармай ширек ғасыр жұмыс істегеннен кейін, 1982 жылғы 21 маусымда Балдай Түсіпбеков зейнеткерлікке шығады.
Принципшілдігі, еңбекқорлығы, адам тағдырына жанашырлығы жаңаарқалықтардың аузындағы жырға айналған Бәкең зейнет демалысына шыққан соң бір-ақ жұма жасады. Бүкіл саналы ғұмыры әділет ісіне бағышталған Балдай Түсіпбековтың шапағаты көпке тигені, талай шәкірт баулығаны күмән туғызбайды.
Еңбек жолы Жаңа-арқа аудандық сотымен байланысты азаматтардың бірі Өмірсерік Қожабаев. Асан Қайғы бабамыздың желмаясының табаны тиген құт мекенде сексенінші жылдары қызмет атқарған Ө.Қожабаев, Ақмола облыстық сотының төрағасы, қазіргі уақытта Жоғарғы Сотта судья  қызметін жалғастыруда.
Жаңа-арқа аудандық сотында 1982-1989 жж. төраға қызметін Журтболова Дүрия Тұяқбайқызы, кейін қызметін Ақмола облыстық сотында жалғастырып, қазір құрметті демалыста, 1989-1994 жж. Әшімбеков Абдукамал Әшімбекұлы, 1994 жылы Муталляпова Баян Зейноллақызы, 1995-1998 жж. Қадыров Қабылда Бекбосынұлы, 1999-2002 жж. Исабаев Серік Тұрсынұлы, 2002-2007 жж. Жакешов Мади Орынбекұлы, 2007 жылдың маусым айынан бастап 2012 жылдың шілде айына дейін  Әдепбеков Бағдат Ахметұлы атқарды, 2012 -2017 жылдың аралығында  сот төрағасы  Сергалиев Бағдат Советұлы атқарса, 2017 жылдың қазан айынан бастап сот төрағасы болып Кенжин Жакен Еденұлы бекітілді.
1990-1992 жж.судья қызметін осы сотта атқарған Турысбаев Асқар Қаппасұлы қазір Қарағанды облыстық сотында судья қызметін жалғастырып жүр,1989-1990 жылдары судья қызметін Хайруллина Нина Ғимранқызы, Коныров Есенгелді, Борханов Мақсұт Айтбайұлы, Искакбаев Кенжебай Дарбайұлы  атқарған.
Қазіргі уақытта осы сотта төраға қызметін 2007 жылдың маусым айынан  бірсыпыра тәжірибе жинаған сауатты, еңбекқор Адепбеков Бағдат Ахметұлы , судья қызметін  Бота Кәрімқызы Каримова, 2009 жылдың тамыз айынан бастап Баубеков Абай Отыншыұлы атқарып жүр. Қалған сот мамандары да конкурстық негізде жұмысқа қабылданған, еңбекшілдігін дәлелдеген адамдар.Олардың бірі – еңбек жолын 1976 жылы сот мәжілісінің хатшысы болып бастап, 1982 жылдың ақпан айынан бастап сот орындаушысы, одан соң аға сот орындаушы міндетін атқарып, 1995 жылдан 2009 жылдың шілде айына дейін кеңсе меңгеруші қызметін атқарған Жумажанова Райхан Ермекбайқызы қазіргі уақытта зейнеткерлікте.
2009 жылдың шілде айынан бастап кеңсе меңгеруші қызметін Касенова Гульмира Науанқызы атқарады,1994 жылдан бастап 2012 жылға дейін  сот отырысының хатшысы болып Ежрекова Марал Сыздыққызы қызмет атқарды. 1994 жылдан бастап Тулеуова Ботагоз Аманжолқызы, 2012 жылдан Ержанова Назым Мыктыбайқызы, Смагулов Дулат Борантайұлы бас маман- сот мәжілісінің хатшысы  болып қызмет атқарады. 2005 жылдан бастап сот кеңсесінің бас мамандары Алпысова Қымбат Даулетбайқызы , Рахимжанова Асемгуль Сембайқызы 2008 жылдан бастап, 2013 жылдан бастап Раймбеков Жангелді Бейсенбайұлы сот жасауылы ретінде жұмысқа қабылданып, өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқаруда.