Осакаров аудандық соты

Заңнамадағы өзгерістер Қарағанды облысының соттарында талқыланды

01/02/2019

Қарағанды облысының соттарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүліктік құқықтарды, арбитражды қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңды одан әрі ізгілендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «дөңгелек үстел» өткізілді.

Осакаров аудандық соты ерлі-зайыптыларды медиация тәртібімен татуластырды

17/07/2017

Осакаров аудандық сотында талапкер А. жауапкер А. – ға қатысты неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар сот медиациясы көмегі арқылы келісімге келген. Тараптар татуласып, өз отбастарын сақтап қалды.

Осакаров аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

17/02/2017
Қарағанды облысының Осакаров аудандық сотында судья Т. Құрмановтың төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасындағы әйелдер құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамаққа алу жазасын тағайындады

15/02/2017
Қарағанды облысы Осакаров  аудандық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.
К. қоғамдық орында темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге лақтырған, осы әрекетімен ұсақ бұзақылып жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған.

Ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік қамаққа алынды

15/02/2017
2017 жылдың қаңтар айында азамат Г. әкімдік ғимаратының жанында темекі шегіп, темекінің қалдығын арнайы қоқыс жәшігіне лақтырмай, жерге тастаған, осы әрекетімен айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi бұзған.

Ішімдікті ішу құмарлығы сотталушының орнына алып келді

09/02/2017
2017 жылдың қаңтарында азамат М. үйдің жер төресіндегі есіктің ілінгіш құлпын сындырып, азамат П.-ға тиіселі бір қап картопты жасырын ұрлап кеткен. Содан кейін ұрлық жасаған жерінен жасырынып, ұрланған бір қап картопты Осакаров кентінің тұрғынына 1500 теңгеге сатқан.

Осакаров аудандық сотында «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар өткізілді

01/02/2017
Қарағанды облысы Осакаров аудандық сотында судья Т. Құрмановтың төрағалық етуімен «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Осакаров аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз маслихаты өткізілді

31/01/2017
Осакаров аудандық сотының төрағасы Е. Оспанов сот ғимаратында жергілікті «Сельский труженик» газетінің бас редакторы Т. Журавлеваның қатысуымен баспасөз маслихатын өткізді.
Баспасөз маслихатында аудандық соттың 2016 жылғы жұмысы қортындыланды.

Осакаров аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

26/01/2017
Осакаров аудандық сотында «Ашық есік күні» іс шарасы өтті.  Шараға келген азаматтарды Осакаров аудандық сотының төрағасы Е.Оспанов қабылдады.
«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.   

Беттер