ҚР Конституциясы күнімен құттықтау

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Құрметті әріптестер және сот қызметкерлері!

    Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Осыдан жиырма екі бұрын ең жоғары заңдық күші бар құжат – Ата Заңымыз қабылданған еді, онда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені – осының айғағы. Осы уақытта әр қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асырып, мерейін тасытатын үлкен істе баршаларыңызға сәттілік серік болсын! Әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға ынтымақ пен ырыс, құт-береке тілеймін! Әрдайым аспанымыз ашық, ел іргесі аман, жұртымыз тыныш, келешегіміз кемел, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын! Ата заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!