Азбанбаев М.А. "Мен бір жұмбақ адаммын..."/ "Орталық Қазақстан" 12.01.2016 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау
«Мал- жан аман ба?» Қазақтың қарапайым бұл қос сөзі көмескі көне кезеңдерден келе жатқан халықаралық құқықтық термин.
Ғалым С.Зимановтің анықтамасына сай: «Қазақ құқығының пайда болуы тым әріде, тереңде жатыр, ол қазақ халқының этникалық тұтастануынан бұрын қалыптасқан».
Академик меңзеген қай замандық тереңдік? Арғы қадым түркілік  әлде алғашқы пайғамбарға дейінгі аралықтағы төрелік?
Мүмкін, «Мекен берген, халық қылған Түп ие» жол- жобасының бастауында тұрған «Рух» пен «Материя» келісімінен жаралған Заңның түб- төркінінен тура тартсақ қалай болар екен?
Ақыл тезіне сала келе, ең дұрысы, «жолдан адастырмай қобыз шалған жыраудай» ақырын жүріп, анық басып қазақ құқығы мен сотының қат- қабат терең тарихы бар терминдерінің шынайы мән-мағынасын рет- ретімен сөйлетуді жөн санадық.
Біз, өз сөзімізді жаратылыс заңын өте көркем, асқан шебер, зор кемел суреттеген қырғыз халқының «Манас» жомығынан бастамақпыз. Қырғыз тілінде «жомық» сөзінің екі мағынасы бар: бірі - «эпос» екіншісі- «оқиға».
Бар ұлт пен ұлыстың әдебиетін ежелден алаңдатқан, дау- шары таусылмас  тақырып бар. Ол- Үлкен жарылыс теориясы, жаратушының заңы. «Айтқандай қылып бірдіретұғын, көргендей, естігендей білетұғын ғалами ғылым», «қаріпсіз, дауыссыз» Алла сөзі. Жалғаны жоқ Тәңірдің жомық- жұмбағы, мақал- мәтелі.
Тіл ғылымының білгірі Марр Н.Я.анықтағандай: «Әлем эпосын сайқымазақтар, жыршылар, пайғамбарлар, көзбайлаушылар, көрегендер, шамандар, емші, дуалаушы, арбаушы, дербіш, шелебі, друид, бақсы, соқыр, «yoәmz», елті, тайшы, айсиод, ұзан, сүлей, суырыпсалма, жешіре, тұнжырау, жайсаң, қонақ, кемел, жиренше, жомықшы, елден елге, бектен бекке құлжа қобызын арқалай кезген абыз, жырау, ән-билер -  сақтап қалған».
Қытай мәдениетінде елшілерді «кезбе» деп атаса, неміс ақыны В.Ф.Гетенің, орыс Ю.М.Лермонтов пен қазақ Ибраһим Құнанбаев аударған, і «Wanderers Nachtlied II» атты өлеңінде кезбе жыраудың бейнесін қапысыз салған. Өлеңнің бүкіл идеясы, тұлға бейнесі, мән-мағынасы тақырыптың атауында мен мұндалап тұр: «Түнгі әні кезбенің». Гетенің жеткізбек ойы: «Тыным таппай, ел мен елді, ер мен ерді бітістірем, татулыққа келтірем деп құлжа қобызын арқалаған жыраудың жаны мен жеті қат көктегі Рух келісімі». Өлең: «бұлардың ымы- жымы бір» дейді. Оны қазақ та айтқан: «Ымды білмес, дымды білмес»-деп. «Ымдас- жымдас»дегеніміз «келісім, шарт, ант». Бұл Рух пен Материя арасындағы қарым- қатынасты реттеуші келісімнің пайда болуы һақындағы жыр біткеннің ішінде біздің «Манас» эпосы ең бір үздік шоң сөз.
«Манас» эпосын «біздің Манас» деп бауырға басу негізі Абайдың: «Тағы еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген сөзінде жатыр. «Тұқым»- деп қазақ арғы тегін айтады. Жазушы С.Мұқанов: «Ескі шежіреде рудан басқа «бау», «сан», «тұқым», «тек», «арыс», «аймақ», «ауыл» атты құқықтық құрылымдар болған» деп еді. «Ру» алғашқыда бір отбасы ошақ қасынан шыққан ата-бабадан тараған адамдардан құралған, бір мекендес, мүдделес ұжым, қауым. Швед тілінде «By» (оқылуы «би») – ауыл, «Қамбар батырдағы» «Би - екеңіз» ауыл ағасы,бір атаның басшысы, бертінде қазақ елінің билер соты жүйесіндегі «Төбе би» мәртебесіне дейін өсіп- жетілген бағзы құқықтық термин.
Тағы да бір топ құқықтық терминдер: «Ел, жұрт, халық, отан, ағайын, алты алаш».  Қазақ мұрасын жетік білген С. Мұқанов құнды дерек қалдырған: «қазақтарды қырғыз бен алтайлық түркілер бертінге дейін «кассак» деп атайды». Басқа жұрт ғалымдары да «қырғыз- қайсақ», «кассак» атаған қазақ халқын.
«Манас» эпосының қазақпен тікелей қатысы барлығы туралы ғалым Әлкей Марғұланның да бір маңызды сөзін ұсынайық: «Қарқаралы қазақтары Арқа Елінде «батыр Манас көк құла атқа мініп жүрген жер» бар деседі.  Манас мекені Шоқан жазған Мәремік тауы болар. Аға сұлтан Құнанбайдың қонағы поляк А.Янушкевичтің жазуына қарағанда асыл тұқымды жылқыға бай ел Байбөрілер жылқыға жайлы, қолайлы жер Мәремекті мекен еткен. Байбөрі есімі сонау Алтайлық «Алпамыс- Манас» эпосынан бері халық жадында ұмытылмай келе жатқан тарихи есім.
Абайдың білуінше «біздің халық жаңа дінге кірген соң, «ислам діні бұрынғы ата- бабаларды ұмыттырып» және «арт жағы хабарсыз қараңғылықта қалған» бұрынғы  «Ұлыс» аты өзгеріп қазақ аталыпты» дейді.
Ел –жұрттың небір Ұлыс және Ұлт атауы бірігуден, жаңа бір туыстық және одақтық қарым- қатынасты реттейтін құрылым жасақтауынан пайда болған ежелгі есім- терминдер, соның біріне «қазақ» атауыда жатады.
Қос өзен Тигр мен Евфрат бойында өмір сүрген шумеро- аккад тілінде: «ha- za – num» < аккад тілінде haz (i) anum» - «қоғамдық бақылаушы», «ауыл – ақсақалы». Шумерлік ha – za – num кәдімгі «Қазан» сөзі. Ол туралы тарихшы Н.М.Карамзин Батый ханның ұлы Сайын хан алым жинайтын адамдары демалатын мекен ретінде Қазан қаласының іргесін қалаған дейді. Карамзин ол қаланың «Алтын түб» деген мағынасын атайды. Мүмкін бұл қаланы соққан Батыйдың өзі болуы да ғажап емес дей келе Карамзин хан Батыйды татар тарихшысы Әбілғазы өзінше «Сагин» деп атағанына көңіл бөледі. Шумер тілінде «Саг» сөзі – «бас» мағынада. Қазақ ханы Еңсегей бойлы Есімхан атын талдайық. Шумерде «En» - жырау,пір. «Ensi»- діни ғимаратты салғанда бата беруші, алғашқы қазығын қағушы. Патша титулы. «Еңсе»- күш, қуат, жігер, тұғыр, биіктік. «Бойлы»- түркіде «тегің кім», «сүйегің қай ел» деген құқықтық термин-сауал.Қазақтағы «Есімханның ескі жолындағы» «Ескі» сөзінің түбі- «Ес»- әдет, салт, дәстүр. Ғалым В.М.Жирмунский Радлов пен Шоқанның жазбаларында Манастың тікелей бабасының аты «Бойон -хан» деп жазылғанын жеткізеді. «Бойон -хан» текті хан, жеті атасынан.
Көне шығыстық шумерлік «Гильгамеш» атты эпоста Білгемес көп жерді аралғаң соң, шаршап-шалдығып Ұрға оралды, Топан су басқан заманға дейінгі ғылымнан хабар әкелді дейді. Сонымен, Білгеміс те кезбе- жырау, елші-ғалым, білім-білік іздеген адам баласы.
Біздің бұрынғы бір «Қырғыз- қайсақ» атымыздың тарихы қазақ құқығының көне әлем құқығымен ықылым заманнан байланысы барлығын растайды.
Римдік құрылым «Үш триба» шыққан тегіне сай жасақталған: «Ramnes»(римдік) «Nities»(сабиіндік) «Luceres»( албан- этруск). Әрбір трибада 10 ру. Үш триба - үш тайпа ел, үш жүз. Қажеттілік қызмет тудырады, қызмет – атау мәнін анықтайды. Қай мемлекет болсын халық болып тұру үшін оған үш тұғыр қажет: қаржы, қару, қалам. Адамдар қандай да бір одаққа біріккенде мемлекетке осы үш қызметті жүктеп, халық кеңес-сотында есеп сұраған.
Көне жоғарғы неміс тілінде «Mahal, Mahalon» - сөйлеу, деу, уәде беру, «mal»-  таңба, бөр, хат.  Көне исланд тілінде  «mal»- халықтық кеңес, сот, деу. Алғашқы мағынасы «Халық-сот кеңесінде сөйлеу». Швед тілінде «Mål» – сот ісі. Қазақтың бұрынғы дала сотында «жҚазақ баласының «Малым жаным садағасы, жаным арымның садағасы» дегенінің шешуі- ар соты. «Ар» ұғымының формуласы: «Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең». Нәпсі- надандық, өзімшілдік, менмендік. Жеңу- өз басыңды өз ақыл, еңбегіңмен билеу.Өз өзіңнен жауап сұрай алуың. «Өмір» - адам жеңісі, адамшылық билігі.Бәрін адамдықпен өлшеу. Корей тілінде «mal»- сөзінің бір мағынасы «тіл». Ағылшын тіліндегі диалект сөз «to mal»- мағынасы «айғайлау». Айғай салдыратын адам ұяты сұрау салған ар соты.  Себебі адам болмысының тірлік етер тұрағы –ұят. Басқа мекен жоқ.      
Сонымен, қазақтың «Мал- жан аман ба» сөзінде мән- мағынасы миграцияға ұшырап, руһани құндылықтан әлеуметтік сатыға түсіп кетіп құқықтық тереңдігінен айырылған.
«Мақал- мәтел» реттеушілік қызметіне сай құқықтық жұмбақ болып табылады, шешуін тауып көр. «Түгел сөздің түбі бір, түб атасы Майқы би». Бұл  жұмбақтың шешуі: «Заң» және «дәстүр». Сөздің реті солай сөйлейді. «Істің басы- ретін танымақтық» болса қазақ сөзінде бол, онда ақыл-ғылым мол. Мысалы:«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Шешуі: «Білім- байлық, бақыт, береке, бірлік». Төртеуіміз төрт бұрыш- пирамида табаны. «Төбе»-ғалами ғылым. «Манастағы» арғы атамыз «Төбейі» де сол мағынада. Пирамида, киіз үй, сәукеле, тай қазан, түрлі күмбез жаратылыс заңының көркем бейнесі.
Қазақтың «мақал- мәтел» атты қос сөзіндегі «мақал»- билік, «мәтел»- ғылым. «Жеті жарғы» атауындағы «жеті» сан емес, ол «рет» деген мағынада қолданылған. Қазақы сөздер: «Жеті қат көк », «Жеті қат жер асты». Хақас тілінде «чарғы»- сот, жаза.Чарғы/ шарғы. Арқаның ескі бір атауы- «Шармық» еді. «Жеті жарғы»- қоғамдағы қарым- қатынасты реттеуші құқықтық құрал, сотта жаза қолдану ретін белгілеуші құқықтық нормалар жинағы. «Қара қылды қақ жарған». Шешуі: анық- расты іздеуші. Бағанағы Рим халқын құрайтын  жүздің  бірі «этрускілердің» өз аты «rasenna», «Raçna, Raçne – Ara Şin ‘i. Мағынасы: « Ақиқатты, анықты, расты іздеуші, айырушы, ара ағайын».         
Алыстағы ағайынның ел- атауы Абайдың: « Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» ойымен астасып жатыр.
Адам баласының жұмбағының шешуі түркінің «тегі» сөзінің мәнінде  болар. «Тегі»- ұқсас, тап өзі емес.
Адам баласына Абай «өз пиғылыңды Ұлы Ұлыстың  сегіз сипатына ұқсат, сырына үңіл де көпке пайда боларлық бір үміті бар, зарары шығып кеткенлей болмай, арқа сүйерлік шеберлікпен жасалған жақсы іс қыл. Алла тағалаға ұқсай алам ба деп, надандықпен ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ- дәл бірдейлік дағуасымен емес, соның соңында болмақ» дей келе: «Сегіз сипат, не деген сөз, кәміл үйрен- деген ол жұмбақ адам, оны да ойла.               
          
Қарағанды облыстық сотының судьясы  Марат Азбанбаев