Сөзімді ұғар Елім жоқ... Cудья Карагандинского областного суда М.А. Азбанбаев/ Орталық Қазақстан/ 04 ақпан 2016 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау
         Қазақ ұлтының әлем алдындағы азаматтық құқығын қорғаушы Абай  «моласындай бақсының жалғыз қалып» күй кешкен өмір жолында   айтылған осы бір сөзі бүкіл адамзатқа қатысы бар  ең бір нысаналы  шын және  сын сөз.
      «Сөз ұқпау» дертінің сыр- себебі М.Әуезовше сөйлесек: «үйреншіктіден басқаны жатырқағыш мінезде», бір өзімшіл менмендікпен шегенделген  шеңбер-  әдетте жатыр.
 «Шеңбер» ұғымында небір  мән- мағына бар, шебер қазақ  шеңбер таңбасын «түрме» ретінде сот төрелігінде пайдаланғаны белгілі.
 «Шеңбер» дегеніміз барлық нүктесі берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық.  Қазақ соты кінәлі адамды арнайы бөлінген жер бетіне сызылған  шеңбер ішінде қамауда ұстаған, айыпты мен жазалы шеңберден өз бетімен  босанса «Елден шыққан» атағына ие болмақ.
Қазақтың «Қыз Жібек» фильміндегі Төлегенді өлтірген батыр Бекежанды үш найзаның астына алып, «мықан» жазасына тарту көрінісі «шеңбер- абақтының» бір түрі. Бұл белгінің түпкі ойы- «Ажал жеткен, қазаға ұшыраған өлген жазықты жазалы адам». Ғылыми зерттеулер анықтағандай Энц халқында өлген адамның мүрдесін шанаға салып, оның үстінен ағаштан ұш жағы, төбесі шошайған, сүйір, конус іспеттес күмбез- еңсе «мэро» шошақ орнату дәстүрі болған.  «Шошақ» - бас көтерер адам, басшы.  
 Мәртебелі адамға құрылған «мэроңыз» фарондық пирамиданың алғы үлгісі. Мэро мен пирамида, қаладағы да, даладағы да сарай- күмбездер, кесене, сұпылар бәрі жаратылыс заңының символы. Олардың ішкі жағындағы қабырға бойын қуалай көкке өрлеген сатылар тізбегі адам жанының Түп иесіне оралу амалын бейнелейді. Римдегі «Әулие Петр»  күмбезінің ішкі қабырғасында өрілген жоғарғы қарай өрмелеген сатылармен биікке шығасыз. Ұлытаудағы Шеңбер ауылының маңындағы сағана ішіндегі қабырға бойымен қаланған сатылар да сол қызметті атқарады. Бұл қызмет екі дүние арасындағы қарым- қатынас символы іспеттес.
          Тап осы Иеге оралу сәті «Игорь полкі туралы жырда» көркем, шынайы  суреттелген. Киев кінәзі Святославтің кіші кінәз Игорьдің  жөнсіз жорығына өзін де кінәлі санап: «Бұл бір ұят іс болды, онда да өлгенім жақсы еді» дегенді тұспалдап түсінде өзін соңғы қайтпас сапарға атандыруға жасалып жатқан әрекеттерді сипатайды. Түс мазмұны: «Святослав қайтыс болған. Оның сүйегіне бақсы түскен. Жуып, арулап біткен соң, бұның жаны көкке ұшқан.» Святославтің түсін толық түсінбеуге мына бір өлең жолдарын дұрыс танып талдамаудан болған: «... дебрь Кияня и несошася къ синему морю».  Түстің бар мағынасы жаңағы жолдарда тұр. Дұрысы «дебрь Скинья», күмбездің ішік жағы.  Інжілде аты аталған Сүлеймен патша әкесі Дәуіттен соң Иресуалимде құдай үйін( скиня- Огель мөдъ) 7 жыл бойы салады. Ол екі бөлектен тұрған. Бірі сыртқы –«гехаль», екіншісі ішкі- «дебір». «Дебір»- киелінің киелісі, ені, ұзындығы, биіктігі бірдей, куб іспеттес. Ешкім онда аяқ баспаған, себебі Иоегованың ковчегі, арқасы қойылған. Ал, «и несошася къ синему морю» -дегені көк аспанға ұшқан адам жаны. 
         Дәл Абай салған ой-сүгірет: «Мекен берген, халық қылған ол ләмәкан, Түп иесін көксемей бола ма екен? Және оған қайтпақсың, оны ойламай, Өзге мақсат ақылға тола ма екен?»
 Өлместей өмір сүрген сүрей адамға  Сібірдегі «мэро» Мысырдағы «пирамида» Сарыарқадағы «дың» күмбездер «Түп иеге қайтпақты ойла» десе, адам болмысының  Алла берген мекені –«Ой» болар. Ой- болмыс. «Сөз»–болмыс үйі. Қаңлы-қыпшақ жұртында елағасы инақ ертедегі «тәңір» деп аталғанын Ә.Марғұлан айтады. Дат елінің ғалымы В.Томсонның Орхон- Енесей жазбасында ашқан көне руналық тілде «тәңір»  сөзінің  нағыз мән- мағынасы «Ой». Швед тілінде: «Тanк:е»-  ой, идея. «Тangata»- нағыз адам. «Тан»- оныншы ғасыр қолжазбасы «Bio-wulfe» жырында  кінәз шеруіндегі жауынгер; қимыл.
  Әлем әуелде бірегей, сингуляр, нүкте- дақ күйін кешкен. Ертедегі «дақ» сөзі – «ой, ақыл, ес» ұғымы. «Нүкте» - бірлік белгісі, онда өлшем жоқ. Санскритте «Ман» сөзі – «ой», швед тілінде «өлшем». Орыстың «Мера всему вера» дегені Абайдың: «Өмірдегі бар заттың өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса боғы шығады» дегенімен үндес, үйлес, естес. М.Әуезовтің пайымдауынша лингивистикалық тұрғыдан Манас есімі құдайдың бір сипаты. Барлап байқасаңыз бар тілдердегі атаулардың бәрінің дәні мен сәні - Ой, идея, адам,түгел сөздің түбі бір.
    Мысалы, «Манас» эпосында Манасқа туыс болып келетін «кёзкаман»  тайпасын М.Әуезов құман- «половцыларға» жатқызады. Гот тілінде *guman –сәби, адам, еркек. «Половцы» атауының көне славян тілінде әлеуметтік- құқықтық заты- «бөлік, жарты, екі жарты бір бүтін». Одақтас. Империя құлағанда бірі Алтай асқан Манастың аталарындай, бірі Европаға аттанған, жаңа ел, басқа билік құруға ұмтылған түркілер.Түбі бір болған соң хан Кончак орыстың кінәзі Юрий Долгорукийге жеке дара билікке жету жолында көмекке келді. Бауыры Гзактың бұндай бірліктің зарарын болашақ ұрпақ тартуы мүмкін екендігін ескерткеніне қарамай кінәз Игорьге көмектесті, құда болды, ақыры немен тынғанын уақыт көрсетті: ой бөлінді, ел бүлінді, «Кёзкаманнан» келе- келе «көзқамандық»- өз ұлтының мүддесіне жат көзбен қараушылық құбылысы өсіп-өнді. Долгорукий мен Кончактың түбі бір дейтініміз кінәздердің аталары Рюрик Нормандиядан келген скандинавлық саналады. Ал, скандинавтық мифтердегі құдай атауы –«Ас». Жаңағы «Рюрик» атауының мағынасы «бай, атақты жауынгер.» Бұрындары, билікке жат елден қаржылы, қарулы, қаламды топты шақырған. Жалдамалы жауынгер уақыт өте келе бар билікке жеке дара иелік етуге тырысып бағады. «Орыс халқының тарихын» жазған Н.А.Полевойда «Бургундия» елінің атауы: «Burh – gunds»- аламан бірлігі. Сондай ердің бірі түбі түркі Аттила. Исландық -Атли, латындық Итиль-Аттилио- Атилла, немістік- Этцель Ботлунгұлы. Алмания Елі «мұндай сой-ерді енді ешқанда көре алмаспыз»- деп разы көңілмен оған «Das Nibelungen Lied» эпосын арнаған. «Нибелунг» жырында Еділ патша  «Бургундия» корольдігінен шыққан марқұм Зигфердтің жесірі айдай сұлу, күндей көркем Кримхильданы алуға аттанғанда күйеу жігіттің қасына ерген абадан ерлердің біразының шыққан тек-тайпасы аталады: «русы, греки, валах, поляк, печенег». «Печенег»- пешене: маңдай, алдыңғы...  бір деректер бойынша печенегтің бір тайпасының ел басы «Қорқыт» есіміне ие болса, қазақ тілімен туыс, түбі бір швед тілінде Қорқыт сөзінің түб- төркіні «kora» [kå] - жаратылған, қалаулы. Қазақта «қормал»- қорғаушы. Эпостағы Қорқыт бейнесі- адамның өзін-өзін, яғни өмір сүру құқығын қорғау белгісі.
Венадағы 17 күнге ұласқан Атилла мен Кримхильданың үйлену тойына көне Киев жерінен шыққан ерлер топ- тобымен ағылған. «Игорь туралы жырдағы» кінәз Святослов аттарын атап іздейтін «білгі, татыран, шылбыр, алабөрі, тобыршақ, мықты» түркі тайпалары  Еділ- Адал заманынан қалған ұрпақтар. «Еділ» сөзінің түб- төркіні «ақсүйек, шынжыр-балақ, шұбар төстің тұқымы» қолынан іс келетін шебер деген мағына береді.  «Edite»-  ұрпақ, тек. «Edi» / idi - ие. «Ады»- текті. Тарихта «феодал» атты терминнің түбі «Feh- ods»- әскерге төленетін жалақы; қозғалатын жеке мүлік. Қозғалмайтын мүліктің бір түрі жерге иелік құқығы «одаль» (оðаl). Көне Скандинавтық және англосаксондық эпостарда («Bio-wulfe» және т.б.) «оðаl» және «аðаl», «еðеl» ұғымдарының мағынасы бір деген көзқарас орныққан. Соңғы «аðаl», «еðеl» сөздері- текті, игі- жақсы. «Aðalborinn» («текті», «игі») синонимі «oðalborinn» («ата- баба жеріне мұрагерлік етуге тумысынан құқұғы бар адам»). Яғни «аðаl», қазақша «адал»: игілік, теңдік, еркіндік, бостандық. Қазақта «Адал»- тура, шын, анық, ақиқат. Тағы бір мағынасы: «мал, дүние».
         «Оðаl» термині тағы да бір құқықтық ұғымды қамтиды: «Отан», Отшыген, Один. Шумерде бір шеңбер ішінде түгіскен бірі тік, бірі көлденең таңбаны «баран» деп атаған, мағынасы - Отан-Ана. Қазақтың «үйлі- баранды» сөзі осы ұғым. Қазақ қонағының алдына қойдың басын тартқанда қас маңдайдан төмен қарай кеңсірігіне дейін ұзынан- ұзын бір тік сызық, қас-қабақтың жоғары тұсынан бір көлденең сызық салған. Бастың өзі- шеңбер. Мағынасы: «Қонақ- шаңыраққа қара. Сен құдайы қонақсың, біз сені сыйлаймыз, сен де бізді сыйла»дегені. Сол сияқты Арқадағы Шоқан жазған Мәремік тауының Рыспай шоқыларында жатқан «шеңбер» бейнесі қашалған бөрлі тас ғалами ғылымнан сыр шертеді. Бөрлі - таңбалы, мөрлі, тамғалы деген сөз. Бөрдің нақ ортасында нүкте. Кішкене қара дақтан тараған сегіз сызық. Бұл сегіз қыр-сәуле. Бұл сегіз қыр дөңгелек қоршауға тіреледі.  Жаратылыс заңын бейнелеген бөрлі анттың анықтамасын қазақтың «Сегіз қырлы бір сырлы» атты сөзі жеткізеді. «Сыр» - шар іспеттес шебер ортасындағы нүкте - дақ. Көнеде «дақ» - ой. Санскритте «Ман» - ой. «Мандал»-шеңбер. Қазақта «Манды» - өнімді болу, алға басу, көбею. «Сегіз»- шексіздік, шеңбердің дөңгелегі- әлемнің өсуі, дамуы. Ұлытау музейіндегі тоғызқұмалақ тақтасы бұл ойын бұрын ғалами сызба болғанын көрсетеді. Ортадағы ұтыс қазандық: «Дақ». Әр ойыншының тоғыз отауы-  күнді айналған 9 планета.Бар планета бір қазыққа- ойға байланған. Ойдан ойын туған. Ежелгі славяндық салт- жора «Балтаджия»бойынша – балтамен сызылған шеңбердің тура  ортасында балта ұстаған басшы билесе, оны айнала шеңбер ішінде кінәз жасағының жалаң қылышты сарбаздары билейді. Ғалым А.П.Окладников «Тесік тас» үңгірінде тапқан неандертал баласының сүйегі тау ешкісінің мүйіздерінен құралған шеңбермен қоршалған.
     Шалкиіз жыраудың: «Мен иемнің бөрлі ала тасы едім» деген сөзі –«Антыма адалмын, жүрегім таза» дегені. Байырғы «Ала» сөзі «ынталы жүрек, шын көңіл» деген ұғым. Қазақтың «мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» деген мақал сөзінің, («мал»- тіл, сөйлеу екенін ескеріңіз) сыры: «Сөз көркі сыртында, адам көркі ішкі ой дүниесінде.» Абайда бұл ой өте көркем: «Ет жүрексіз ерініңнің айтпа сөзін, Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін. Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма, Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.»
      Шынның жүзін көрсетпейтін шымылдық: «үйреншіктіден басқаны жатырқағыш мінез», себебі ақыл- жүрек суаты, мінез- ақыл сауыты, адалдық- құқық қорғаны.
            Азаматтық –құқықтық қатынастарды реттеуде адалдық принципін сақтау туралы Абай да ой қосқан: «Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік.» Бұл Абайдың өз кезіндегі «ұлықсыған орыстардың законсыз қорлығына» азаматтық қарсылық ретінде ұстанған демократиялық елдерге тән конституциялық- құқықтық принципі болатын: «Заң мен соттың алдында жұрттың бәрі тең.»
        Қазақты адал еңбекке үйретуді өсиет еткен ұлт тәрбиешісі Абайдың «Сөзімді ұғар елім жоқ» дегені тар заманда азаматтық құқығы бұзылған қазақтың мүддесін қорғаудан туған үндеу- жұмбағы болатын.
     Құқық қорғаушы Абай екі жолмен  парасат пен адамшылық тапталған әділетсіз заман шындығын раст қылды: «Ата- баба жеріне тумысынан құқығы жоқ мұрагерлік етсе, Алаш Елінің жоқ болғаны». 
         Қазақтың Бас ақыны ойшыл Абайдың бұл  ғылыми, азаматтық, адами, көні сөзі Алаш қозғалысының  құқықтық негізі болуының тарихи заңдылығын өмір жолы көрсетті.