Сот аудандық аурухана директорына қатысты істі қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ТАҒЫЛҒАН АЙЫП:
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы Н.190-б.3-б. 2),3) тармақшалары бойынша; 362-Б. 4-б. 3; 189-б. 3 айыптады; ҚР ҚК 366-б.2-бабы: (екі және одан да көп адамға қатысты мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам жасаған алдау арқылы алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау;лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, яғни лауазымдық өкілеттіктерін орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам жасаған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан мемлекеттік функцияларды, оның құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен айқын шығатын іс-әрекеттерді орындау, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденуі, яғни ұрлауы; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның өзі үшін ақша түріндегі пара делдалы арқылы алуы пара берушінің пайдасына осы адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін іс-әрекеттері үшін айтарлықтай мөлшерде). Б. ҚР ҚК 367-бабының 2 бөлігі бойынша айыпталды. (делдал арқылы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамға айтарлықтай мөлшерде пара беру).

СОТ НЕНІ АНЫҚТАДЫ

Н., аудандық орталық аурухананың директоры бола тұра, медицина қызметкерлеріне «ковид үстемақысы» ретінде төленетін қаражатты жымқырған.
Б. алаяқтық жасауға үлес қосып, медициналық қызметкерлерге «ковид үстемақысы» ретінде төленген ақшалай қаражатты, Н.-нің қызметтік жағдайын пайдаланып, оны жасауға кедергіні жоюмен, көмек көрсету арқылы, яғни екі немесе одан да көп адамға қатысты алдау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлаған.

СОТТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН РАСТАЙТЫН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР

Сотталушылар Н.-нің алаяқтық жасаудағы және Б.-нің оған қатысу арқылы ықпал еткені олардың мойындауларымен, жәбірленушілердің, куәлардың және іс бойынша басқа да жазбаша материалдармен дәлелденді.

ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ:

Прокурор Н.-ді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  190 бабының 3-бөлігі 2 б.),3); 366 б.2; 189 3б.; 362-бабының 4-бөлігінің                        3-тармағымен кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленбей, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазаны қылмыстық –атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуді сұрады.
Б.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 625 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолдануды, айыппұлды ерікті түрде төлеу үшін 3 жыл мерзім беруді сұрады.
Қорғаушы тарап Н-нің әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 3-бөлігінің 2), 3) тармағына саралауды, Б-ні ақтауды сұрады.

СОТ НЕГЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАДЫ:
Н-ді қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚК 362–бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша  ақтады, өйткені жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 260 000 теңгені құрады, бұл жауапкершілікке тарту үшін қылмыстық заңда белгіленген 200 АЕК (2021 жылы 1 АЕК-2917 теңге = 583400 теңге) мөлшеріндегі шекті мәнінен аспайды.
ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі, ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 2),3) тармақшасына  қайта сараланды.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 2),3) тармақшасының санкциясы ұрланған мүліктің он еседен жиырма есеге дейінгі мөлшеріне айыппұл немесе мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бұл санаты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар санатына жатады.
Жас баласының болуы, мүліктік залалды ерікті түрде өтеуі, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянды түзетуі Н-нің әрекетін жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.
Н-нің қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Осылайша, сот Н.-ді өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын, жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтеуді тағайындады.
ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлігі бойынша Б.-нің әрекетін ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 190-баптың 3-бөлігі 2),3) тармақшасына қайта саралады.
Жасаған ісіне шын жүректен өкінуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал етуі, қылмыстық құқық бұзушылықтың материалдық, қызметтік тәуелділікке байланысты жасауы Б. - нің әркетін жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар Б.-нің әрекетінде анықталған жоқ.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот Б.-ға өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 750 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жазаны тағайындады, айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі 2 жыл болып белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық сотының баспасөз қызметі

Қайнар: 
Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық сотының баспасөз қызметі