Сотпен коммуналдық қызмет бойынша жинақталған берешек өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер азамат Д. азаматша Б.   коммуналдық қызмет берешектерін, жалдау шарты бойынша үй-жайларды қорғау берешектерін және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкер сот мәжілісінде жоғарыда көрсетілген талабын қолдай отырып,  талапкер жауапкерге келісім шарт бойынша Сәтбаев қаласы Ерден көшесі 149 А үйде орналасқан «Карина» дүкенін 6 айға жалға берген. Жалгер төлеген ай сайынғы төлем 200 000 теңгені құраған, жауапкер жасырын тауарлар әкелген және дүкенді жалдауды тоқтатқан.
Талап арызда талапкер соттан жауапкерден 2016 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейін сумен жабдықтауға, электр энергиясына, күзетке,  коммуналдық қызмет берешектері 191 850 теңге  өтеуді сұрады. Сонымен қатар моральдық зиян 50 000 теңге өтеуді сұрады.
Сәтбаев қалалық сотының  шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, аз.Б. аз.Д. пайдасына коммуналдық қызмет берешектері, жалдау шарты бойынша үй-жайларды қорғау берешектері 187 142 теңге өндіру жөнінде шешім шығарылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы