Дс, 20/02/2017 - 15:22
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша Өзбекістан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Құқық бұзушы Ю. жұмысқа орналасуға рұқсат алмай Қазақстан Республикасында жұмысын атқарған, сөйтіп көші-қон саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған.
Сот қаулысымен Өзбекістан азаматы кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Источник:
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі