Жас судьяларға арналған семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облыстық сотының оқу орталығында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е. Әріповтің, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының м.а. А. Қанбаевтың, облыстық соттың оқу орталығы жұмысының үйлестірушісі Қ. Шағатаевтардың қатысуымен аумақтың жас судьялары үшін «Бірінші рет тағайындалған, оның ішінде қалыптасу кезеңінен өтіп жүрген және магистратураны бітіріп шыққан судьялардың сот төрелігін асыру кезінде туындайтын көкейкесті сұрақтар» тақырыбында семинар болып өтті.
Облыстық соттың оқу орталығымен бірінші рет тағайындалған, сондай-ақ, 2 жылдан астам жұмыс өтілі бар судьялардың 2013 жылдағы және 2014 жылдың 1-тоқсанындағы жұмысы қорытындылары сараланды.
Қазіргі таңда бірінші рет тағайындалған, сондай-ақ, 2 жылдан астам жұмыс өтілі бар бейімделу кезеңін өтіп жатқан судьялардың саны 21.
Семинар барысында, сонымен қатар, сот әдебі Кодексінің сақталу сұрақтары, қазіргі заманғы сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімдігі тақырыптары қозғалды.
Шараны қорытындылай келе, жас судьялардың тарапынан қойылған көкейкесті сұрақтар назарға алынды.
Судьялар қауымдастығының жас буынына әрқашан білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін әрдайым жетілдіре түсу, сонымен қатар, қолданыстағы заңнамадағы барлық өзгерістерді зерделеу ұсынылды.
 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы