Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотымен бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында медиациялық келісім бекітілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына талапкер К. ортақ мүліктің ішінде үлесін бөлу туралы талап арызымен жүгінген.

Сот талқылау барысында тараптар дауды, судьяның катысуымен, медиация тәртібімен реттеуге келісімін берді.

Бітістіру рәсімінің нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өзара келісімге келді. Келісімге сәйкес: жауапкер К. автокөліктің 1/3 бөлігінің өтемақысы есебіне, өз үлесіне тең бағалы ақшалай соманы төлеуге міндеттенді, ал талапкер талап етуден бас тартты.

Мемлекеттік баж талапкерлерге қайтарылған.

Тараптар арасындағы медиациялық келісім сот ұйғарымымен бекітілген, іс бойынша өндіріс қыскартылған.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі