Темекінің қалдығын жерге тастағаны үшін 3 тәулікке қамауға алынды
17/03/2017
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында А. азаматына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қарастырылды.
Азамат А. қоғамдық орнында, яғни өзінің үйінің алдында темекінің қалдығын жерге тастап, қоғамдық жерді ластаған.
Сот қаулысымен азамат А. кінәлі деп танылып 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі