«Мир добра» атты акция өтті
22/09/2017
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологы «Отбасыдағы зорлыққа жол жоқ» шарасына белсене қатысты.
«МИР ДОБРА» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылып отырған шара қала көшелерінде өткізілді, оған ювеналдық соттың қызметкерлері, полиция қызметкерлері және орта мектеп оқушылары қатысты.
Оқушылар музыкалық өнер көрсетті, ал шараға қатысушы басқа тұлғалар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты туындаған мәселелерге көңіл бөліп, оның тамырын жою мақсатында тұрғындар арасында буклеттер таратумен айналысты.
Источник:
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі