Архив событий

13/12/2022

Медиация мәселелері талқыланды

13/12/2022

Қарағанды облыстық сотының алаңында «Татуластыру рәсімдері дау-жанжалдарды шешуде халықтың мүмкіндіктерін кеңейтеді» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Шахатбек Әбдіров, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік алқаларының татуластыру рәсімдері бойынша үйлестірушілері Е.Книтель, Л.Калиакпарова, А.Жошева, А.Мухамедов, сондай-ақ барлық қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен татуластыру судьялары қатысты.

Өзін-өзі өртемек болған ер азаматқа қатысты әкімшілік іс бойынша баспасөз релизі

13/12/2022

2022 жылдың 12 желтоқсанында сағат 09.30 шамасында азамат А., Қарағанды қаласының полиция Департаменті ғимаратының алдында өзін-өзі өртемек болған және жол бойына бірнеше канистрлар қойып, жерге жанармай төгіп, өртеп, сол арқылы басқаларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған.
Сондай-ақ, азамат А. полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштасқан құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтату туралы заңды талабын орындамай, өзін-өзі өртеймін деп қорқытып, өз әрекетін одан әрі жалғастырған.