Дс, 20/02/2017 - 15:30
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылға есеп беру бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.
Баспасөз мәслихатын төрағаның м.а. Т. Жабықпай және БАҚ-пен өзара жұмысты үйлестіруші судья Ж. Смағұлова өткізді. Сондай-ақ, іс-шараға «1 Қарағанды» телеарнасының, «Вестник Фемиды» газетаның тілшілері қатысты.
Төрағаның м.а. 2016 жылдың есептік кезеңін былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырмалы түрде баяндады.
Баспасөз мәслихаты барысында қатысушылар былтырғы және биылғы ағымдағы есептік кезең бойынша сұрақтар ретін талқылады және пікір алмасты.
Баспасөз мәслихаты соңында төрағалық етуші барлық қатысушы БАҚ-қа алғыс білдіріп және келешекте ынтымақтастық сенімін білдірді.
Источник:
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі