Кредит берешегі бойынша сомма өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер «Ломбард «МигКредит» ЖШС-нен азамат Р. қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкер сот мәжілісінде жоғарыда көрсетілген талабын қолдай отырып, екі жақтың арасында 16 901 теңге ломбардтық кредитті беру жөнінде келісім шарт құрылған, заемшы қарызды өтемеген, қарыз ақша 16 901 теңге, өсімақы 16 901 теңге және талапкер пошта шығысы 200 теңге, мемлекеттік баж сомасына 1 014 теңге өндіріп беруді сұрады.
Сәтбаев қалалық сотының 2016 шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, аз.К. «Ломбард «МигКредит» ЖШС-нің пайдасына негізгі қарыз 16 901 теңге, пошталық шығын 200 теңге, мемлекеттік баж сомасының бюджетіне 1 014 теңге, барлығы 23 410 теңге өндіру туралы шешім шығарылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  

 

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы