Іс өндірістен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотында Қазақстан Рспубликасы ӘҚбҚ-нің 73 бабы 1 бөлімімен Сәтбаев қаласының ІІБ-нен келіп түскен азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
К. өзінің уйінде, мас куйінде болып, жұбайына жанжал көрсетті. Жанжал барысында ескертулерге мән бермей, әйелінің намысына келетін балағат сөздерді айтты. Одан басқа, жеңіл дене жарақатын салды.
Сот мәжілісінде К. өзінің кінәсін толық мойындады.
Жәбірленушіден істі құқық бұзушыны кешіріп, келісімге келуіне байланысты қысқартуды сұрау туралы арызы түсті.
Сәтбаев қалалық сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өндірісетн қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 

 

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз-қызметі