Сот еңбек кітапшасының заңдық маңыздылығын анықтап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық соты еңбек кітапшасының тиістілігі туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы өтініші бойынша азаматтық істі қарады.

Арызданушы К. өзінің арызында қазіргі кезде зейнет жасына жетуіне байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы алу үшін құжаттарын рәсімдеп жүргенін айтқан. Алайда, Ұлытау ауданының ХҚКО-да оның еңбек кітапшасында жазба толтыру кезінде әріптен қате кеткенін көрсеткен.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына жүгіну барысында осы айырмашылыққа байланысты құжаттарын кері қайтарып, сотқа жүгінуге кеңес берген.

ҚР АПК-нің 305-306 баптарына сәйкес, сот арыз беруші заңды маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес болған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

Сот ҚР АПК талаптарын басшылыққа ала отырып, арыз берушінің арызын қанағаттандырып, аты қате болып көрсетілген еңбек кітапшасы арызданушыға тиесілі екендігі туралы фактісін анықтады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі