Сот ғимараттарында өтетін жөндеу жұмыстары туралы ақпарат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әр ғимарат техникалық және пайдалану талаптарына сай болуы қажет. Уақыт өте келе ғимараттар біртіндіп өздерінің қолданылу сапасын жоғалта бастайды. Осыған орай, «Қарағанды облыстық соты Кеңсесі» ММ-і облысымыздың кейбір соттарында жөндеу-құрылыс жұмыстарын өткізуге арналған байқау өткізді.

Байқаудың нәтижесі бойынша келесі соттардың ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүргізілмекші:

1) Осакаров аудандық сотында 12 589 288 теңге көлемінде (ҚҚС есепке алмағанда) – жеңімпаз «Альфа Корпарейшн» ЖШС. Жұмысты орындау мерзімі: 45 күнтізбелік күн;

2) Октябрь аудандық сотында 4 330 362 теңге көлемінде (ҚҚС есепке алмағанда) – жеңімпаз «Компакт и К» ЖШС. Жұмысты орындау мерзімі: 30 күнтізбелік күн;

3) Жезқазған қалалық сотында 13 265 00 теңге көлемінде (ҚҚС есепке алмағанда) – жеңімпаз «Жалгас Строй» ЖШС. Жұмысты орындау мерзімі: 45 күнтізбелік күн;

4) Қаражал қалалық сотында 7 237 950 теңге көлемінде (ҚҚС есепке алмағанда) – жеңімпаз «Беспаев Ергали Мукыжанович» ЖК. Жұмысты орындау мерзімі: 30 күнтізбелік күн.

 

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы