Облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтің Алғыс айту күнімен құттықтауы

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді бүгінгі 1 – наурыз көктемнің алғашқы күнімен және алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тағдыр жазуымен қазақ жеріне табан тіреген түрлі ұлыс өкілдерін бауырына басқан қазақ жұртына алғысымыз шексіз демекпін!

Өздеріңізге белгілі 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін - 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған болатын. Бұл мереке биыл төртінші рет атап өтіледі. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі.

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. 

Қазақстан – көпұлтты  мемлекет. Елімізде 140 - тан астам өзге ұлт өкілдері бір үйдің баласындай өмір сүріп жатыр. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту бұл – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау деп түсінеміз. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер, достық пен бірлігіміздің жарқын белгісі.

Бұл - тек алғыс айту күні ғана емес, жас ұрпақ үшін тарих туралы сыр шертетін тағылымға толы мереке болмақ.

Баршаңызды бүгінгі «Алғыс айту» күнімен шын жүректен құттықтай отырып, барлықтарыңызға мықты денсаулық, жақсы көңіл-күй, отбасыларыңызға бірлік пен береке тілеймін!