Қарағанды облысы бойынша Сот әкімшілігі Департаменті бір жылдық жұмысты қорытындылады

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысы бойынша Сот әкімшілігі Департаментінің басшысы Мақсат Исин 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
 
Кеңеске Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов, Департаменттің бөлім басшылары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілері қатысты.
 
Іс-шараны ашқан Департамент басшысы Мақсат Исин қатысушыларды кеңес бағдарламасымен таныстырды.
 
Белгіленген кезеңде сот статистикасы, кадр мәселелері, соттардың инфрақұрылымын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, БАҚ-пен өзара іс-қимыл, мемлекеттік тілді дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы Департаменттің тиісті бөлімдерінің басшылары хабардар етті.
 
Кеңес жұмысын қорытындылай келе, Департамент басшысы Мақсат Исин облыстық сот төрағасы Е.Әріповке кеңеске қатысқаны үшін алғыс білдіріп, жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында соттар әкімшілерінің және Департаменттің бөлім басшыларына бірқатар басым міндеттерді жүктеді, соның ішінде сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді дамыту, жаңа мамандарды тарту, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауда нақты тапсырмалар берілді.
 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі
Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі