Аудандық емхананың есепшісі мемлекет қаржысын заңсыз иеленген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шет аудандық сотымен «Шет ауданының орталық ауруханасы» КМК-нің есепшісіне қатысты кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру және құқықтар беретiн ресми құжатты қолдан жасау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық ісі қаралды.
Сотпен анықталғандай, «Шет ауданының орталық ауруханасы» КМК-нің есепшісі И. жеке басының пайдасымен, заңсыз жолмен жеке пайдакүнемділікпен жымқыру мақсатында жоғарыланған сомамен жалақы тағайындалған тізім жасап «Банк клиент» жүйесімен жалақы ретінде өз карталық шотына және аудандық емхананың басқа жұмыскерлерінің карталық шотына заңсыз 22 263 947 теңге аударған. Соңғылар артық түскен ақшаны И. табыстап отырған. Осы ісімен сотталушы И. мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген.
Сот отырысында сотталушы И. өз кінәсін толығымен мойындады.
Сот үкімімен аз-ша И. ҚР ҚК-нің 189б 4 б 2т. 385б 2б. кінәлі деп танылып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сай 3жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимді түзеу колониясында өтеуге, мүлкі тәркіленіп, кәсіпорындармен мекемелерде материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 74б. 1б. сай бас бостандығынан айыру жазасын 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылған.
Аз-ша И. есебінен «Шет ауданының орталық ауруханасы» КМК-нің пайдасына 7 764 467 теңге материалдық залал өндіру.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі