Сот перинаталды орталықтан бала өлімі үшін моральдық және материалдық зиян өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына Перинаталды орталықтан моральдық және материалдық зиянды өтеу туралы талап қою арызымен азаматша Л. жүгінді.

Л. азаматша өз өтінішінде, 2016 жылы 12 желтоқсан сағат 00.50 де перзентханаға: Жүктілік 41 апта диагнозбен түскенін көрсетті. Жалған толғақ. Ірі нәресте. Ремиссия кезеңінде созылмалы пиелонефрит. 30.12.2016 жылы кесарь тілігі жасалып, ұл бала туылды. 03.01.2017 жылы туылған сәби қайтыс болды. Оның пікірінше, дәрігерлер босану кезінде құрсақтағы баланың қауіпті жағдайын дұрыс бағаламады. Бала сусыз кеңістікте суы кеткен сәттен кесарь тілігі жасалғанға дейін 36 сағат болған.

Сот талап қоюшының арызын қанағаттандырды, 1 000 000 тенге қөлемде моральдық шығынды, 29 000 тенге көлемде материалдық залалды өндірді, себебі жауапкердің кінәсін уәкілетті орган инспекциясының актісі, куәлардың айғақтары және жазбаша айғақтары толығымен растаған, медициналық көмек болмаған. Медициналық қызметкерлер босану кезінде құрсақтағы баланың қатерлі жағдайын бағаламады және бала өліміне әсерін тигізіп, дер кезінде босану операциясын орындамады.

Бұл жағдай жүкті азаматша Л.-ді босандырудағы ақаулық болып табылады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі