АК-159/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыларға қатысты үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық сотымен 2022 жылдың 8 желтоқсанында өзіне қандай да бір зиян келтірумен ұштасқан топтасып бағынбауға қатысу (ҚР ҚК 428 бабы 3 бөлігі) фактісі бойынша Н., А., К., Ш. және А.-ға қатысты айыптау үкімі шықты.
Сотпен анықталған мән-жай    
Сот үкімімен сотталғандар  Н., А., К., Ш., және А. АК-159/6 (ИС-40), қазір Қарағанды облысы Долинка ауылындағы №30 РММ-мекемесінде жазаларын өтеу кезінде, яғни сотталғандардың жазаны өтеуінің белгіленген тәртібі қатаң сақталған режимді жеңілдетуге, тыйым салынған заттарға қол жеткізуге және әкімшіліктің заңды талаптарын орындамау арқылы жағдайды өз пайдаларына өзгертуді көздеген. Осы мақсатта 2021 жылдың 1 наурызынан 12 наурызына дейін сотталғандар өздеріне зиян келтірумен айналысып, бірнеше мәрте жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қатаң бұзған.

Тараптардың ұстанымы
Тараптармен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісім жасалды. Сотталушылар кінәсін толық мойындады, іс бойынша дәделдемелерге қарсылық білдірген жоқ, процессуалдық келісім шарттарына өздерінің келісімін білдірді.
Сот шешімі

Іс бітімгершілік келісім өндірісінде қаралды. Сотталушылардың кінәсі іс материалдарымен дәлелденді.
Сот сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларларға барлық сотталғандардың шын жүректен өкінуін, сотталушы К.-ның 2 кішкентай баласының болуын жатқызды.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар процессуалдық келісімде көрсетілмеген.
ҚР ҚК-нің 428 бабы 3 бөлігінің санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
Сотпен үкім шығару барысында жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен сипаты ескерілді.
Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3 және 6-бөліктеріне сәйкес кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісімнің барлық шарттары орындалғанын ескере келе, сот ұсынылған жазаның түрі және көлемімен  келісіп,  Н., А. А.-ға үкімдердің жиынтығы бойынша 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру түріндегі, К.-ға 5 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру, Ш.-ға 8 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
    
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі

 

Қайнар: 
Қарағанды облысының Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі