Алғыс айту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қарағанды облыстық соты төрағасының поштасына азаматтардан үнемі алғыс хаттар келіп түседі, олар істің облыс соттарында әділ шешілгені үшін ризашылықтарын білдіреді.
2021 жылдың қараша айында үш алғыс хат келіп түсті. Алғашқы ұжымдық өтініште Абай қаласының тұрғындары пәтер иелерінің кооперативі жиналысының хаттамасын заңсыз және жарамсыз деп тану туралы дау бойынша Қарағанды облыстық сотының судьяларына алғыс білдіреді.

"Заңдылық пен әділеттілік жеңісін құрудың жолы өте ұзақ болды, бірақ жоғары кәсібиліктің, сот ісін сапалы ұйымдастырудың, судьялар К.Көміртасова, А.Мұхамедов, Н.Годлевскаяның құзыретінің арқасында біздің пайдамызға шешім шығарылды. Сіздердің арқаларыңызда біз Заңның жеңісіне сендік! Баршаңызға шын жүректен денсаулық, мансаптық өсу, Тәуелсіз Қазақстанға адал қызмет етуді тілейміз", - делінген хатта.

Қарағанды қаласының тұрғыны Наталья Здесенко Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы С.Смағұловқа тұрғын үй коммуналдық саласындағы дауды әділ шешкені үшін алғыс білдіреді.
"Советхан Берікұлының кәсібилігінің өте жоғары деңгейі, аталған істі жан–жақты және сөзсіз объективті қарауы, осындай судьялардың үлгі болатынын дәлелдеді, осындай кадрлардың арқасында бүкіл сот жүйесіне деген беделі мен жоғары сенімі артады", - деп атап өтті хат авторы.

Тағы бір алғыс хат Сәтбаев қаласының тұрғыны Мақпал Қаленовадан келіп түсті. Ол Сәтбаев қалалық сотының судьясы Г.Жақсылықоваға бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлу туралы талапты сапалы қарағаны үшін алғыс білдіреді.
"Судья Г.Ә.Жақсылықова істі қарау кезінде кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, төрт адвокаттан көптеген өтініштерді шыдамдылықпен шешті, көптеген дәлелдемелерді мұқият зерттеді, нәтижесінде жауапкер тарап талап қою талаптарымен келісіп, маған өтемақы сомасын төледі", - делінген үндеу мәтінінде.

Облыстық сотқа тек алғыс хаттар түседі деп ойлау қате болар еді. Өтініштердің көмегімен азаматтар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды, сот актілеріне және судьялардың әрекеттеріне өз көзқарастарын білдіреді, әрбір өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұқият тексеріледі, оларға негізделген және дәлелденген жауаптар ұсынылады.