Қарағанды облыстық сотының төрағалары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
19 қыркүйек 1936 жылғы Қарағанды облысы бойынша ВКП (б) шеткі комитеттің хаттамасымен облыстық соттың  алғашқы төрағасы болып Қожамұратов Ильяс Қожамуратович тағайындалды. Қуғын-сүргін жылдары И.Қ. Қожамұратовты да айналып өтпеді, ол 22 қазан 1938 жылы НКВД үштігімен сотталды. 25 маусым 1957 жылы ол ақталып шықты.
Қарағанды облыстық сотының құрылуы мен қалыптасуының бастауында өздерінің барлық күш-жігерін, ақылы мен білімдерін заңдылық пен әділеттілікті орнатуға жұмсаған адамдар тұрды. Ұжымдану және жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде облыстық соттың басшылыары болып А.Ж. Тынышбаев (1938-1939жж.) және А.У. Биекенов (1939-1942жж.) танылды.
Ұлы Отан соғысы өзінің түзетулерін облыстық соттың құрамына да енгізді, көптеген жұмыскерлер соғыс майданына аттанды. Майданға аттанғандардың бірі облыстық соттың төрағасы А.У. Биекенов еді. Жаугер ерліктері үшін ол «Қызыл жұлдыз» атты екі орденмен және «Батырлығы үшін», «Варшаваны босатқаны үшін» және тағыда басқа медальдармен және марапатталды.  Соғыстан кейін 1946 жылы ол Қазақ АСКР Жоғарғы Сотының төрағасы болып тағайындалды. Ұлы Отан Соғысының ардагерлері ретінде судьялар К.А. Аубакиров., К. Бакишев., И.А. Васильев, Б. Жунусбеков, Г.М. Мустафин, А.Г. Пичкунов, Д.Ф. Черкесов танылды.
Соғыс және соғыстан кейінгі күйзелістен қайта қалыпқа келтіру жылдары облыстық сотқа өз ісіне берік заң кәсібінің ең үздік өкілдері С. Сакбаев (1942ж.), О. Тлегенов (1942-1947 жж.), И.И. Кострюков (1947-1953жж.) басшылық етті.
Қарағанды облыстық сотына 1953 жылдан бастап И.И. Колонтаевский (1953-1955 ж.ж.), Ф.И. Камышный (1955-1958 ж.ж.), Ж.Д. Мершенов (1958-1960 ж.ж.), П.П.Белоусов (1960-1965 ж.ж.), Г.П. Куур (1966-1988 ж.ж.), А.Д.Чернов (1988-1990 ж.ж.), А.А. Рекин (1990-1993 ж.ж.),  Р.Т. Тусупбеков (1993-1999 ж.ж.) және мінсіз еңбегі үшін «Құрмет» ордені-мемлекеттік сыйға ие болған А.А. Касимов (1999-2004 ж.ж.) басшылық етті.
Облыстық соттың төрағасының орынбасарлары ретінде «Еңбек ардагері» медалімен бірнеше рет марапатталған М.С. Шегенов, Е.Ф. Кочемасова, А. Абдрахманов, К. Станбекова, Л.А. Кан, Р.К. Тлемисова, Ш.Н. Нуретдинов, З.Д. Кузнецова, Е.Ш. Евенбаев, Б.И. Подовинников, және Н.А. Оплачко, А.С. Марданов, Б.Ф. Нурашева.
«Қазақ АСКР-ң еңбек сіңірген заңгері» атағына И.В. Колотовкин, З.Д. Кузнецова, Г.П. Куур, Р.Е.Фролова ие болды.
Әрқайсысын сипаттай отыра,  олардың тек жоғары білікті мамандар ғаға емес, сонымен қатар адами қасиеттері бойынша тамаша адамдар екенін атап өту абзал.
Облыстық сотта жиырма жылдан астам төраға болып қызмет атқарған Г.П. Куур, өзінің облысты ғана емес, сонымен бірге республикадағы беделімен айқындалды. Оның басшылығымен көптеген жылдар бойы республкадағы үздік соттардың қатарына енген облыстық соттың ұжымы құрылды.  Жанында адамдарды топтастыра білу, ұжымда сенімділік ұялата білу қасиеті, бұл көпжылды қажырлы еңбектің негізі болып табылады.
 
Леонард Александрович  Канның тағдырын Қарағанды облыстық сотының тағдырынан бөле-жара қарауға болмайды. Ол жарты ғасыр бойы сот жүйесінде қызмет атқарған,  оның жиырма алты жылғы сарқылмас еңбегін облыстық сот төрағасының орынбасары қызметіне жұмсаған. Сот жүйесінде осынша ұзақ уақыт қызмет атқарған адам жоқтың қасы. Ол кісі басқарған  облыстық соттың азаматтық істер бойынша алқасы  облыстың халықтық соттармен қаралатын істердің бірегей сот тәжірибесін құрады. Халыққа көрсеткен мінсіз қызметі үшін ол бірнеше рет  республиканың әділет Министрлігінің және Жоғарғы Соты атынан медальдармен, мақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтармен марапатталған.
Қарағандылықтар облыстық сотта қызмет атқарып, көп жылдарын халыққа қызмет етуге жұмсаған    Т.А. Амрин., Н.В. Батукова, Л.А. Бродилина, М.В. Гукк, М.О. Жаканова атты судьялардың есімдері естерінде, оның ішінде судья К.Т. Ешмагамбетова «Еңбек ардагері», «Тылдағы еңбекқор» медальдарымен марапатталған; ал Л.В. Ефремова Еңбектің Қызыл Белгісі орденінің иегері; «Ерен еңбегі үшін»,  «Еңбек ардагері», «Үздік табыстары үшін», «Айбынды еңбегі үшін» медальдармен марапатталған Н.А Ищенко, К.К. Кабдуалиева, А.К. Кошеляева, Р.Т. Кенжетаева, А.И. Ковалева, З.И. Козик; З.А. Кущенко «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған; И.Ф. Листовой, Е.Е. Лоренц, Р.М. Медеуов, А.М. Нефедов, А.О. Омаров, Э.М. Панкратова, Б.О. Смагулов, Т.И. Селищева, Р.С. Сыздыков, Л.В. Тимофеева, О.А. Угрюмов,  Г.А. Учаев, Е.И. Черкашина және басқалар
 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі облыстық сот тарихының жаңа парағын ашты.   1997 жылы Қарағанды облыстық сотының құрамына Жезқазған облысы кірді. Қарағанды облыстық сотының судьялар штаты ауқымданды.  Облыстың 35 аудандық, қалалық соттарында қазіргі уақытта 225 судья қызмет атқаруда.  Соңғы жылдардың жаңалығы ретінде Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды қалаларындағы ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттар деп бөлінген мамандандырылған соттардың құрылуын атап өтуге болады. Облыстық сотта  аса ауыр қылмыстар бойынша істерді қарау барысында қатысатын алқабилер институты әрекет етеді.
 
Қазіргі уақытта облыстық сотта 129 адам қызмет атқарады, оның ішінде 51 – судьялар. Судья лауазымында жиырма бес жылдан артық қызмет өтілі бар судьялар: Р.Б. Андреева, Н.С. Батаева, В.Д. Маркович, Д.К. Никамбаева, Б.Т. Оразгалиев, В.М. Попов, А.А. Салин. Әр түрлі уақытта ең үздік судьялар ретінде танылған судьялар: Б.А. Адепбеков, Б.М. Алибеков, З.А. Кущенко, О.Н. Омаров, Н.А. Оплачко, М.Ж. Омарбекова, И.В. Пугаев, Р.Ж. Тусупбекова.
Қарағанды облыстық соты сот кадрларының ошағы деп тануға болады. Қарағандылықтар әр  түрлі жылдары облыстық сотта қызмет атқарып, кейіннен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары атанған М.Ф. Бабушкин, С.Д. Дулатбеков, Е.Н. Колповская, О.С. Кожабаев, А.В. Линник, З.М. Макашев, Н.И. Мамонтов,  К.С. Стамбекова, Н.П. Петрова, М.С. Шегенов атты судьяларды мақтан  тұтып еске алады.
 
1936 жылдың шілде айынан бастап 2004 жылға дейін облыстық соттың төрағасының лауазымында 16 адам қызмет атқарды. Бұлар жоғары білікті және тәжірибелі басшылар болды.
Осылай, 1988-1990  жылдары облыстық сотты  қазіргі уақытта Ресейдің Краснодар шеткі сотының төрағасы болып танылатын А.Д. Чернов А.Д. басқарған.
 
1993-1999 жылдары облыстық соттың төрағасы болып, соңынан Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының лауазымына тағайындалған, ал қазіргі уақытта елдің Әділет министрі болып танылатын Р.Т. Тусупбеков Р.Т. басқарған.
1999-2004 жылдары  облыстық сотпен бұрын (1990-1995 ж.ж.) Жезқазған қалалық сотын басқарған, ал қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер бойынша алқасының төрағасы міндетін атқарудағы А.А. Қасымов басқарған.
2004-2009  жылдары облыстық сотты қазіргі уақытта Батыс-Қазақстан облыстық сотының төрағасы лауазымындағы М.А. Пакирдинов басқарған.
2015-2018 жылдары - облыстық сотты Әлімбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы басқарған. 
2018-2021 жылдары - облыстық сотты Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлы басқарған.

 

 

Қожамұратов Ілияс Қожамұратұлы – 1935 -1936 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

Тынышбаев Артықбай Жалмағанбетұлы – 1938-1939 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

Бискенов Абидулла Үмбетжанұлы 1939-1942ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

Сақбаев Сафидулла 1942ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

Тлегенов Ошақбай 1942-1947ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Колонтаевский Иван Иванович 1953-1955 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Камышный Федор Иванович 1955-1958ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мершенов Жұмағали Дулатович 1958-1960ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Белоусов Павел Петрович 1960-1965 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Куур Геральд Петрович 1966-1988 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Чернов Александр Дмитриевич 1988-1990 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Рекин Александр Александрович 1990-1993 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тусупбеков Рашид Төлеутайұлы 1993-1999 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қасымов Ақылтай Ахметжанұлы 1999-2004 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пақырдінов Мұхамеджан Ахмедияұлы 2004-2009 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

Серікбаев Ермек Қуандықұлы 2010-2014 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлімбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы 2014-2018 ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлы 2019-2021 ж.ж.