Қарағанды облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ерден Рауанұлы Әріпов 1963 жылы Алма-Ата облысының Нарынкөл ауданында дүниеге келген.

1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша заңгер.

1981 - Қазақ КСР биология институты зертханасының препараторы;

1986-1991 - Жезқазған қаласы Әділет бөлімінің нотариат бойынша аға консультанты;

1991-1992 - Жезқазған облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің тұрақты комиссиялар жұмысы бөлімінің аға консультанты;

1992-2000 - Жезқазған қаласы сотының судьясы;

2000-2008 - Қарағанды облысы Балқаш қаласы сотының төрағасы;

2008-2010 - Қарағанды облысы Қазыбек би атындағы ауданының №2 сотының төрағасы;

2010-2012 - Алматы қаласы сотының кассациялық сот алқасының төрағасы;

2012-2015 - Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы;

2015-03.2022 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Үш би» құрмет белгісімен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.