Тарихтан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
Қарағанды облыстық сотының тарихы ресми түрде 29 шілде 1936 жылдан бастап Қазақ АСКР аумағында облыстық бөлініс енгізуден және облыстық орталықтың Петропавл қаласынан Қарағанды қаласына көшіруден басталды. ЖРОАК-ң 10 наурыз 1932 жылғы қаулысына сәйкес республика 6 облысқа бөлініп, олардың құрамына Петропавловск қаласындағы орталығымен Карағанды облысы да кірді. 29 шілде 1936 жылы  Қарағанды облысы Перопавловск қаласындағы орталықпен Солтүстік Қазақстан және Қарағанды қаласындағы орталықпен Қарағанды облысы болып екіге бөлінді.
Қарағанды облыстық соты халықтық соттардың құрылуымен айналысты, облыстық соттың кассациялық сатысы болды және сонымен бірге облыстық соттылыққа жататын істер бойынша бірінші сатылы сот ретінде сот төрелігін жүзеге асырды. Облыстық соттың пленум, президиум мен қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот коллегиясы, сонымен қатар біріктірілген ұйымдастырушы-нұсқаушы құрылымдары болды.
16 тамыз 1938 жылғы «Сотта іс жүргізу» Заңымен сотта іс жүргізуде сот міндеттерін сот билігі міндеттерінен бөлу қағидасы енгізіліп, облыстық соттарда пленум және президиум жойылды. Облыстық соттың құрамына еңбектенушілердің сәйкес депутаттар Кеңестерімен бес жыл мерзімге сайланатын төраға, төрағаның орынбасары, сот мүшелері мен халық қосшы биі кірді.
1939 жылы облыстық еңбектенушілердің депутаттар Кеңесінің маңында Қазақ АСКР (УНКЮ) халықтық әділет Комиссариатының басқармасы құрылды.  Басқада міндеттермен қатар басқарма облыстық соттың жұмысының күй-жайына бақылау жүргізумен айналысты, сот тәжірибесін зерттеді және қорытындылады, жұмысты ұйымдастыру мен жақсарту бойынша жетекшілік нұсқаулар берді.
14 тамыз 1954 жылы КСРО-ң Жоғарғы Кеңес президиумы «Кеңес және автономды республикалардың, шекті және облыстық соттардың Жоғарғы Соттар құрамында президиумдардың құрылуы туралы» Жарғы қабылдады, ал 25 сәуір 1955 жылы облыстық соттардың президиумдарының істерді қарау тәртібі  бекітілді. Оларға халықтық соттардың заңды күшіне енбеген ұйғарымдар мен  шешімдеріне, үкімдеріне, сонымен қатар облыстық соттың сот алқасымен шығарылған ұйғарымдарына соттың қадағалау тәртібімен наразылықтарды қарау жүктелді.
КСРО-ң Жоғарғы Кеңес президиумының «Облыстық, шекті еңбектенушілердің депутаттар Кеңесінің маңындағы кеңес республикасының әділет Министрліктер басқармаларын жою және шекті, облыстық соттар құқықтарын кеңейту туралы» 4 тамыз 1956 жылғы Жарғысымен соттық басқарма атқаратын қызметтері облыстық соттарға тапсырылды.
Сонымен облыстық сот соттық қадағалауды қоса алғанда сот төрелігін жүзеге асырушы  соттық мекеме болып қана қоймай,   адвокатура қызметін қадағалаушы, соттық статистика, нотариалды кеңселер, халықтық соттардың қызметтеріне ұйымдастырушы басшылықтытың міндеттерін жүзеге асырушы соттық басқару органы болып табылды.