Архив событий

11/08/2014

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі негізгі өзгерістер

11/08/2014

Қарағанды облыстық сотында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі негізгі өзгерістер» тақырыбына семинар өтті.

Модератор болып облыстық соттың қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот құрамының төрағасы Е.Р. Арипов, жеке модератор болып облыстық соттың кассациялық  сот құрамының судьясы С.А. Миночкина сөз сөйледі. Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы К.С. Алькеев, №2 Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының судьясы О.Ю. Цай, қылмыстық істерді қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары қатысты.