Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы Шайзадаев Б.А."Билер соты" // "Вестник фемиды"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елбасының бастамасымен қабылданған бес институттық реформаны орындауға бағытталған жүз нақты қадам туралы Ұлт жоспарының оң бірінші қадамы тікелей сот жүйесінің мәселелеріне арналған. Осыған байланысты алқабилер, сот төрелігінің сатылығы, судья этикасы туралы және басқа да сот жүйесіне қатысты мәселелер қозғалғанда қазақ қоғамындағы билер сотының мәселелеріне тоқталмай өту мүмкін емес.

         Билер соты қазақ даласында заң үстемдігін, әділдіктің және заңдылықтың сақталуының негізгі кепілі болды.

Қазақтың атақты билері: Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке биден қалған сөз билігі дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Жалпы билер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбат пен арзанды, қиын мен жеңілді салыстырып алға тартқан. Мал дауы мен жердауына, ар дауы мен намыс дауына кесімді билік айтып, «тіл мен түйіп, тіспен шеше алмас» тұжырым жасаған. Кез келген қазақ ол кезде мыңжылдықты, далбасалықты, жағымпазды мін көріп, қорлық санаған. «Сөз шынына тоқтайды, пышақ қынына тоқтайды» деп шындықтың туын көтерген «от ауызды, орақтілді» шешендерін қастерлеп өткен. Билер билік айтарда ауытқып, бұра тартқан тұстары болса, бірін-бірі тоқтатып, әділетке шақырған, «айтқан сөзі-құрған қақпандай» болған беделді билер қазақ қоғамындағы әділеттіліктің жаршысы болған.

Бүгінде «би» сөзінің шығу тегі қатысты көптеген пікірлер бар. Мәселен біреулері «би» сөзінің төркінін түркі тіліндегі биіктік, жоғарылылық деген мағыналарымен салыстырса, «бек» сөзінен бастау алып, негізінен «басқару», «билеу», «билік ету» деген ұғымдарымен ұштастырады.

Қазақ халқының өмірінде билер институтының алар орны мен үлес-салмағы, маңыздылығы айрықша болды. Өйткені, оның – мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайын тек әдеттегі құқықпен ғана емес, рухани-мәдени салт-дәстүрнегізінде де ұштастыра әрі теңестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым ретіндегі рөлі ерекше. Бұл құрылым ол кезде мемлекеттік басқару жүйесі мен тығыз астасып жатты. Билер ел, жер, жесір дауын, мал-жан, кәсіп мәселесін түйінді төрт-ақауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, қарарсыз, ауызша жүзеге асырып, бітіріп отырған. Қазіргідей алтын уақыттарын жиын, мәжіліс съезбен өткізіп, құлаш-құлаш қаулы–қарар қабылдап, оны жоғары-төменд ібұйрық пен таратып, төрешілдікке, қағаз бастылыққа салынбаған. Ол кезде бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, полицияның да, өзге де құқық қорғау органдарының қызметтерін атқарғанғой.

«Би – әлеуметтік категория ретінде қазақ халқының тарихында ерте заманнан бері қолданылып келе жатыр. Әлеуметтік қатынастардың дамып шиеленісумен бірге, кейде билердің көпшілігі қанаушы таптардың уәкіліне айналған. Билер дің әдет-заң нормаларын талқылауда, билік айтуда, ол биліктің орындалу әдістерін белгілеуде кең құқықтары болды.

Сонымен, би дегеніміз – ел жұртының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, өткен шежіресін, тарихын, қоғамының даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың сан-алуан қасиеттері мен құпияларын білетін, адамдардың көкірек көздеріне ой көзімен қарай алатын, қырлы-қырлы мінез-құлықтарды айтқызбай-ақ тап басатын, ғылым-білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар жандар болды.

Осы ретте, қазіргі таңда еліміздегі сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар аясында, судьяларға билер сотының орны мен мәні туралы жеткізу, олардың судья лауазымына сай тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына да септігін тигізер еді.